Өз ақшасына Грузиядан цирк аттарын сатып әкелген қазақ қызы

2297

Гүлжахан туралы деректі әйгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева айтып беріп еді деп хатқа түсірген қазақтың жиһангез-велосипедшісі, жазушы Темірхан Момбекұлы-Түркістан.

Гүлжахан Ғалиева — сонау 1934-37 жылдардың зобалаңын көрген адам. Әкесі Ордабаев Қали Жетісудың атақты байларының бірі болғандықтан Гүлжихан Ордабаеваны Санкт-Петербургтағы Заң Университетінен қуады. Аш-жалаңаш Мәскеуге жеткен 19 жасар қыз Тұрар Рысқұловтың қабылдауына 273-ші болып тіркеліп, Мәскеу вокзалына 9 күн түнеп жүріп жолығады. Рысқұлов сол жолы оған «Гүлжихан Ғалиева «деген жаңа құжат жасатып, ГИТИС жанындағы студияға оқуға түсіреді.

Міне, азамат шапағаты деген осындай болса керек!

Гүлжихан Ғалиева Алматыда биші Шара Жиенқұловаға концерт жүргізуші болып әзер қызметке алынады,өйткені, талай басшылар оның бай тұқымы екенін білетін.

1955 жылдары Гүлжахан Қазақ циркін құруға бел буады. Анасынан қалған, жасырып сақтаған алтын сырға,білезіктерді сатып, Грузиядан вагонмен цирк аттарын өз ақшасына әкелгенін аңыздай тыңдадық./Қазір ондай ұғым жоқ қой,аузын ашса жұрттан ақша сұрап,алтын сатып алады./ Сонымен,тұңғыш Қазақ циркінде ат жалында ойнаған қаракөздерді көріп ұлт намысы ояна бастаған еді!!! Еңсе көтере бастадық…

Гүлжахан Ғалиева 1961 жылы ұлттық нақыштағы «Гүлдер»ансамблін ұйымдастырды. Домбырамен билеген қазақ қыздары, /арасында Мақпалдар бар/ ұлттық жаңарған киім тағы да санамызға сәуле шашты,ұрпақ ояна бастады…

Осындай өр мінезді,табанды,намысшыл қыздары бар Ел едік! Қайда солардың жалғасы?

Өз қызым Ғазизаны скрипкаға емес,қобызға бергеніме де сол жағдай себепші болған.Тойға барып қобыз сарнатып,ақша сұрама деп өсірдім.

Бұл күнде есімі ескерілмей отырған өжет те ұлтшыл қазақ қызы-Гүлжахан Ғалиева да Халық Артисі болатын. Ол да бір кезде Қарақаттай мөлдір жас болған.Тек Ұлт пен Өнер үшін көрген азабы мен бейнеті көбірек болған еді. Әлі де ескерсе кеш емес!

Темірхан Момбекұлы-Түркістан

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!