Алматы ипподромы неге атқорадан қоқыс жәшігіне айналды? (ФОТО)

4448

Алматыдағы орталық ипподромның жағдайы осыдан 5-6 жыл бұрын бүкіл ат сүйер қауымды дүрліктірген еді. Енді міне араға уақыт салып сол атшабардың жанайқайы тағы шырылдай бастады.

Бұл жолғы мәселе – ипподромды жекешелендіріп алған алпауыттардың жаны ашымастығына қатысты болып отыр. Ипподром арқылы күнін көріп отырған атбегілер, жаттықтырушылар, шабандоздар, нұсқаушылар, атшылар жанайқайын жазып Argymaq.kz-ке хат жолдаған екен. Біз сол хатты қаз-қалпында берді жөн көрдік. 

Меншік иесінің өкілі

Алматы ипподромы —

CВС-тобының бас директоры

Браун В.Р. мырзаға

Көшірмелер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Ержан Бабақұмаровқа

«Нұр-Отан» партиясына

Құрметті Владимир Рудольфович!

Бізді Алматы ипподромының айналасында болып жатқан жағдай сізге хабарласуға мәжбүр етті.

Сіздің Корпорацияның сайтынан алынған мәліметтер бойынша www.cbc-group.kz СВС-групп 25 жыл бұрын құрылған, Қазақстанның 25 қаласында филиалдары бар, корпорацияның жалпы айналымы жылына 100 млн доллардан асады. Корпорацияның құрамында көптеген бағыттарда жұмыс істейтін ондаған компаниялар бар: қосалқы бөлшектерді жеткізу, модульдік ғимараттар мен құрылыстарды салу, жетекші әлемдік брендтердің жүк техникасын жеткізу, мотор майларын жеткізу, автотехника және логистика қызметі.

Сіздің корпорацияңыз өз саласында көшбасшы және көпке үлгі. Сіздің бұл корпорацияға деген жеке қарым-қатынасыңыз Сіздің Бас офисіңіздің және Рысқұлов даңғылы, 57 В қойманың аумағындағы үлгілі тазалық пен тәртіп бойынша да байқалады.

Осыдан 10 жыл бұрын СВС-груп «Тенгри-Инвест» ЖШС-нің 100% үлесін сатып алу арқылы Алматыдағы ипподромды сатып алды. Біз бұл жағдайды білген кезде, «жеке табысты инвестор ипподромды дамытып, оны одан әрі көркейте түседі» деген үмітте болдық.

Өкінішке орай, біздің үмітіміз ақталмады. «Жаңа инвестор» ипподромды бұзып, оның орнында көп қабатты үйлер мен кеңселер салу ниеті туралы хабарлады. Барлық атбегілер қауымдастығы 2014 жылы ипподромды қорғауға көтерілгенін ұмыта қойған жоқсыз деген ойдамыз. Сол кезде «Нұр Отан» партиясы, ҚР Парламенті Мәжілісі, Алматы қаласының әкімдігі, БАҚ бізді қолдап, ипподромды бұзуға жол бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы ипподромы – бұл 1930 жылы салынған ерекше ғимарат, Алматыдағы ең көне спорттық ғимарат. Сондай-ақ, Алматы ипподромы – Қазақстанның негізгі бас ипподромы екенін атап өткіміз келеді. Мұнда ат жарыстар, балаларға арналған бәйгелер, көрмелер және т.б. ең бастысы ипподромда Қазақстанның 70-тен астам жоғары білікті жылқы өсірушілері жұмыс істейді. «Нұр Отан» партиясына, Алматы қаласының әкімдігіне, спорт басқармасына және мәдениет басқармасына Алматыда ат спортын қолдағаны үшін алғыс айтқымыз келеді.

Алматы әкімдігінің 17.03.2021 ж. № 1/191 «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы ипподромы сәулет және мәдениет ескерткіші болып танылғанын айта кету маңызды.

2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес меншік иесі ретінде сізге осы объектіні сақтау және оны тиісінше күтіп-ұстау үшін жауапкершілік жүктеледі.

2014 жылы ипподромды бұзу мүмкін болмағаннан кейін, меншік иесі ипподромды дамытуға уәде берді. Ипподромды коммуналдық меншікке сату туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын естідік, содан кейін Франция өкілдері келді. Мұның бәрі ипподромның тағдыры өзгереді, жаңа құлшынысты иесі келеді және ол ипподромды қалыпты деңгейде ұстайды деген үмітімізді күшейтті. Біз нашар жағдайларға, кір мен антисанитариялық жағдайларға төзіп, оған көз жұмдық. Бірақ, 10 жылдан астам уақыт өтті, ал ипподромда ешқандай өзгеріс жоқ.

Осы уақыт ішінде сіз бізден бір жылқы үшін айына 30 000 теңге жалдау ақысын жинайсыз, бұл 160-180 жылқы болған кезде ай сайын шамамен 5 млн теңгені немесе жылына 60 млн теңгені құрайды! «Ақша қайда кетеді?» деген сұраққа сіздің менеджерлеріңіз: жауап қайтара алмайды немесе «барлық ақшамыз жер салығын төлеуге кетеді» деген жауап естиміз.

Біздің көз алдымызда ипподром қирады, №18 қора іс жүзінде қирады, инженерлік желілер шіріп кетті, ғимараттар жөндеуді қажет етеді. Сіздің барлық менеджерлеріңіз ипподромнан бәрін алып кетті: олар ескі құбырларды қазып, сындырып, металломға тапсырды, санитарлық өңдеуді сылтауратып ағаштарды кесіп тастады, жақында олар құнарлы топырақ қабатын шығара бастады.

Ипподром тозаң мен шаңға көмілген, аумақ мүлдем тазаланбайды, бос пакеттер аумақта ұшып жүр, бөтелкелер айналады шашылып жатыр, көң бірнеше ай бойы инфекция шыбын жинап үйіліп жатыр. Ветлазарет жабық және 10 жылдан астам уақыт жұмыс істемейді, карантиндік атқора жоқ, аумаққа кіре берісте дезинфекциялық тосқауыл болғанымен – ол жерде ешқашан дезинфекциялық ерітінді болған емес. Көшедегі дәретханалар – бұл өзіміз қазып алуға мәжбүр болған ағаш дәретхана мен шұңқырлар. Ауыз суды беру соғыс жылдарындағыдай сағат бойынша (тәулігіне үш сағатқа) жүзеге асырылады.

Түнде аумақ жарықтандырылмайды, мектептен кейін атқа мінуге келген балалар үшін қорқамыз. Жансүгіров көшесі жағындағы қоршау – шынында қоршау емес, қирандылар. Қоршаудың артындағы аумақ – бұл антисанитариялық жағдай.

Біз өз қаражатымызға бәйге жолын жөндедік. 180 КАМАЗ құм төседік. Өзіміз қаражатымызға сол жолға су шашамыз. Өз қаражатымызға атқа салт мінуді үйрету үшін алаңдар салдық. Сұрақ – 10 жыл ішінде иесі не істеді? Жауап – ештеңе.

Біз жылқыға бір орын үшін 30 000 теңгеден, яғни 1 шаршы метр үшін 3300 теңгеден төлейміз! Бұл Алматыда кеңсені (2200 теңге) немесе дүкенді (1800 теңге) жалға алудан әлдеқайда қымбат.

Сіз бізден жылына 60 млн теңге жинайсыз, жер салығы 12-13 млн теңге. Егер сіз жиналған қаражаттың кем дегенде 30%-ын ипподромды сақтауға және оны абаттандыруға жұмсасаңыз, әңгіме басқа еді!

Егер ипподромның аумағы таза болса, тротуарлар сыпырылып, көгалдарда қазіргідей арамшөп емес, екпе өсімдіктер өсетін болса, онда ипподром қала тұрғындары үшін тартымды демалыс орнына айналар еді.

Сонда сіз жалға беруші ретінде әлемнің басқа ипподромдары сияқты сусындар, тамақтану және ойын-сауық алаңдарын жалға беруден одан да көп пайда табасыз, өйткені көрші Жансүгіров ат спорты мектебі осылай жасайды.

Сізден біздің хатымызға үн қатуды, ипподромға күтім жасауды бастауыңызды сұраймыз?! Өйткені бұл – сәулет-мәдени құндылық объектісі! Сіз оның қалпын бұзбай, көркем жағдайда сақталуына жауаптысыз!

Жауапты мына мекенжай бойынша күтеміз: Алматы қ. Омаров көшесі, 10 А (ветлазарет кабинеті) 87752508702

2021 жылғы 27 Қыркүйек

Бұл хатқа:

Алматы ипподромының

жаттықтырушылары, шабандоздары,

нұсқаушылары, атшылары қол қойды.

Argymaq.kz

(Суреттер ипподром аумағынан түсірілген)

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.