Белгілі ғалым жылқыдан мәрмәр ет алуды ұсынды

2766

Белгілі жылқытанушы ғалым, Қазақ Ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің профессоры Қайрат Исхан жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференцияда жылқыдан мәрмәр ет алуды ұсынды.

Оның сөзіне қарағанда жылқыны өсірудің өзіндік мақсаты болуы керек.

Біз спорттық жылқыда немесе бәйге аттарын дайындауда арабтың, ағылшынның таза қанды жылқысын басып озамыз деп айта қою қиын. Әрине, бұл біз олардан кембіз деген сөз емес. Керісінше біздің жылқының олардан артықшылығы көп, – дейді ғалым.

Оның пайымдауынша сол артықшылығының бірі – біздің жылқының етті мол беретін өнімділігі.

Қазіргі таңда әлемде мәрмәр ет (мраморный мясо) сұранысқа ие. Әзірге әлемде осы бағытта сиыр етін ғана өндіріп отыр. Ал біздің қолда бір өзі 500-600 келі таза ет бере алатын жылқы бар. Осы жылқыны неге мәрмәр ет беретін бағытқа бағыттамасқа. Бұл біздің жылқы шаруашылығымен айналысып жүрген мамандардың қолынан келер еді, – дейді Қайрат Исхан.

Естеріңізге сала кетейік Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстан мен шетелдегі өнімді жылқы шаруашылығының жағдайы мен даму перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

BAQ.KZ.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!