Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар

8733

Үзеңгіден өткізу

Баланы қырқынан шығарысымен атақты адамдардың: ақынның, шешеннің батырдың үзеңгісінен өткізіп алады. Атқа мініп тұрған адам оң аяғын үзеңгіден шығарады. Құндақтаулы баланы сол мезетте үзеңгіден өткізеді. Информаторлардың айтуынша, ертеде үзеңгі үлкен болғанда құндақтаулы баланы үзеңгіден өткізген, кейіннен үзеңгінің таралғысынан өткізген.
Баламен қатар тұқымы асыл тазы, төбет иттердің күшігін де үзеңгіден өткізіп алған. «Ит – жеті қазынаның бірі» дейді қазақ.
Біздің материалдарымыз бойынша баланы үзеңгіден өткізу Шығыс Қазақстанда, Алтай, Тарбағатай, аймақтарында басқа жерлермене салыстырғанда жиі кездеседі және айырықша мән беріледі. Бала өсіп, ер жеткенде «Бәленнің үзеңгісінен өткен, бағы бар», — деп айтады.
Мұндай ырым Орталық Қазақстанда, Жетісуда кездеседі, бірақ шығыстағыдай дәріптелмейді, ал Батыс Қазақстанда мүлдем жоқтың қасы. Моңғол халқында адам сапарға аттанар алдында үзеңгіге ақ жағу салты бар.
Біздің ойымызша, бұл ырымның шығу тегі үзеңгінің пайда болуымен тікелей байланысты. Түркілердің біздің заманымыздың 5-6 ғасырларынан бастап, салт атқа үзеңгілі ер-тұрманды қолданылуы атты әскердің сапасын анағұрлым арттырды. Ал Шығыс Қазақстанда бұл ырымға ерекше мән беруінің себебі, үзеңгіні қазіргі күйінде тұңғыш рет Алтай түркілері пайдаланған.

Безимени-6Ахмет Тоқтабай, «Қазақ жылқысының тарихы»
(Жалғасы бар)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.