Аманбек МАҒЗҰМХАН. Кердің шөбі

7929

hfdhgdhcvbcxБала күнімде үйіміз жазда Қобданың кер жайлауына көшетін. Әжем баптаған қымызды ішіп отырған ауыл ақсақалдары «пай-пай, кердің шөбінің дәмі басқа ғой» деп жиі тамсанушы еді. Мендегі балалық аңқаулық қой, «мыналар қымызға емес, шөпке тамсанғаны несі?» деп ойлайтынмын. Жаңаарқаның қымызын татып, кердің шөбінің сырын енді ұққандай болдым…

Қазақ жайлаудың өзін ен жайлау, саржайлау, кер жайлау, төр жайлау деп бөлген. Жерінің құнары мен шөбінің ащы-қышқылы, шөптің піскен, жетілген мезгіліне байланысты қымыздың дәмі де өзгеріп отырған. Қазақтың құйқалы бір қойнауы – Жаңаарқада көнекөз қариялар әңгімесіне құлақ түргенімде бұл ойыма анық жауап тапқандай болдым.

Қазақ жайлаудың өзін ен жайлау, саржайлау, кер жайлау, төр жайлау деп бөлген. Жерінің құнары мен шөбінің ащы-қышқылы, шөптің піскен, жетілген мезгіліне байланысты қымыздың дәмі де өзгеріп отырған. Қазақтың құйқалы бір қойнауы – Жаңаарқада көнекөз қариялар әңгімесіне құлақ түргенімде бұл ойыма анық жауап тапқандай болдым.

fdfghfghjАуыл ақсақалы: Балам, қазақ дала өркениетін меңгерген халық. Табиғатты қазақтай қанық білетін, жер мен судың тұнығын қазақтай дәп танитын ел кем де кем. Жаңаарқаның қымызының қуаты – оның шөбінде. Шөбі шүйгін болатын кей өңірлерде көгі соны шыққанымен, қуаты кем болады. Ал кердің шөбі тығыз, бітік өсуі шарт емес, бірақ құнары мол, қуаты күшті келеді. Онымен оттаған қамбар ата түлігінің сүті де уызды. Әр жердің шөбі әртүрлі және төрт түліктің жайылысы да бөлек. Ешкі мен қой бірге жайылса да, ешкі шөптің бетін, қой түбін жейді. Ал, жылқы ащы шөпті жақсы көреді. Қымыздың дәмінің өзі баптауынан бөлек, осы шөптің қасиетіне байланысты. Солтүстік жақтың қымызы бізге қарағанда сұйықтау келеді. Өйткені сулы жерге шыққан шөптің мәйегі солғын. Сондықтан Сарыарқаның көдесі мен жусаны, изені биік өспегенімен, құнары мол болады. Жаңаарқада өсетін қараот дейтін ащы шөп бар. Сол қараотты көтерем малға жегізсең, тезден тұрып кетеді. Бұл да шөптің құнары мен қуатынан. Жаңаарқаның қымызы дәмінің сыры осында.

Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті сары бал
Қымыздан асқан дәм бар ма… дейтін Ақтамберді жыраудың өлеңі бар емес пе еді. Иә, кез-келген шөпті жемейтін жылқы түлігінің өзі қандай қасиетті болса, сүті де сондай шипалы. Суатты кешіп барып, тұнықтан, тереңнен ғана шөл қандыратын осы түліктің жеген шөбі өзін ғана емес бар қазақты ғасырдан ғасырға аман сақтап келгендей…

Аманбек Мағзұмханұлы, qazaqia2015 (суреттер автордың еңбегінен алынды)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.