Бие емшегінің түрлері

11399

Республика жағдайында өсіруге және одан мол өнім алуға пайдалы түліктердің бірі − жылқы.
Биенің сүттілігіне көптеген жағдайлар әсер етеді. Оларға жылқының тұқымдары, сауылып жүрген мезгілі, желін түрлері, денсаулығы, азықтандырылуы мен күтіп-бағылуы, сауу әдістері және т.б. жатады.

Биенің желіні шағын, тығыз және тегіс, әрі серпімді терімен қапталған. Желін екі жартыдан тұрады, олардың орталығында дәнекер ұлпалы перде орналасқан.
Бие желінін мынадай түрге бөледі:

Тостаған тәрізді − желіннің екі жақ жартысы да біркелкі жетілген, ішке қарай тартыңқы, төңкерілген тостаған тәріздес, ұзындығы мен ені жақсы дамыған, терісі жұмсақ серпімді, сауғаннан кейін тартылып кетеді. Желіні тостаған тәріздес биелер өте сүтті келеді, орта есеппен тәулігіне 13,5 литрге дейін сүт береді.

Томпақ желінді − мұндай желін ұзындау болып келеді, ал сүт төмпешегі жалпақтау. Мұндай желінді биелердің сүттілігі, тостаған тәрізді биелерге қарағанда едәуір төмен болады, орташа тәулігіне 11,7 литрге дейін сүт береді.

Ешкі желінді − мұндай желін онша ұзын емес, бірақ сүт төмпешегі томпақ желінге қарағанда төменде орналасқан. Ешкі желінді биелер сүтті аз береді, орта есеппен тәулігіне 7,8 литрге дейін сүт береді.

Қайрат Исхан,
«Жылқы шаруашылығы» оқу құралы
argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.