«Алтын тұғыр» иегерлерін марапаттау салтанаты өтеді

4957

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен  биыл алтыншы мәрте өткізілетін «Алтын Тұғыр-2018» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі 21 желтоқсанда тамашаланбақ.

Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан осы дәстүрлі марапаттаудың басталуына санаулы күндер қалды. 2018 жылғы ұлттық спорттың халықаралық бәсекесінде біздің саңлақтарымыз сан мәрте дара шықты. Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатында, Теңге ілу мен Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионатында, Жамбы атудан XIV Әлем чемпионатында, Көкпардан, Тоғызқұмалақтан, Асық атудан, Қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген спортшыларымыз арасында «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық үздіктер аз емес.

«Алтын тұғыр» – жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын ұлттық спорттың дәстүрлі жиыны. «Алтын тұғыр» –  Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын  думанды кеш. «Алтын тұғырда» елімізге танымал әнші-ақындар сахна төрінде өнер көрсетеді.

zharnama

«Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау 21 желтоқсан күні Астанадағы «Қазмедиа» ғимаратының концерт залында өткізіледі. Басталуы – 17:30.  Биылғы жылдың ‘Алтын тұғыр’ сыйлығы кімдерге бұйырады? Кіру тегін. Ұлт спортына жанкүйер бол!

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Тағы да оқыңыз...