Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ, Қадыл АЙДАУБАЙҰЛЫ. Жүйрік жылқының негізі

15083

13dab78c83fЖүйрік айғырдың сыны. Айғыр қоятын жылқының ата-тегін білген жөн. «Пәленшекеңнің жылқысы текті болушы еді, содан бір құлын алып айғыр салам» деуші еді бұрынғылар. Бұл әуелі жылқының қанын алыстатып, жақындастырмау, аздырмау, текті жылқылардың нәсілін жасытпаудағы ілімнің бір ғана көрінісі. Олай болса, айғыр салатын құлындардың да ата тегі сапалы нәсілден болғаны абзал. Осылайша таңдалған құлындарды телілеп өсірген жөн. Құнанына дейін арда емізіп сүтке пысыра жетілдіретін болған. Ол үшін айғыр қоятын құлынның енесін қыстың сары аязында терлетіп, суық су мен суарып, таң асырып әдейі құлын тастатып, жабағы тайында арда емізеді екен. Құнанында жүген құрық тигізбейді, дөненіңде май айында жуасытып үйретіп жібереді. Әуелі ең алдымен таңдап қояды да 5-6 байталды бөлектеп қайыртады. Жылқының бұл үйірін «қысырақтың үйірі» деп атайды. Әуелі таңдалып алынған дөнен айғырды мал иесі ұстап, ноқталап, маңдайына сары май жағып, сауырына қымыз құйып «Иә, жарықтығым, бауырың өссін» деп игі тілек тілеп, шоқтығына дұғалық тұмар байлап, құйрығына 7 тал үкі қадап үйірге қосады. «Айғыр үнді келеді, құлын жүнді келеді» деп халық бекер айтпаған. Сондықтан да құлынынан оның үніне, жүніне сыншылар көңілін аударып келген.

fkhzt6sinsdyfxqlssypАйғыр салатын дөненнің сыны. Бірыңғай баран өңді жуан, жуас үйірге қазымыр емес, ат қумайтын, іш жимайтын — сабаз. Үйірінен айырылып қалатын маубас емес, үнемі үйірдің артында жүреді. Адыраңдап олай-бұлай шаппайды. Басы етсіз, маңдайы кең, қамыс құлақ, түйе тісті, сойдиыңқы салпы ерін, кірпік-қасы, құйрық-жалы мол, жүндес, кеудесі кең, шоқтығы биік, сәл бүкіштеу, жаясы жалпақ, мықыны тар; қабырғалы (тура артынан қарағанда, қабырғаның қанаты жаяға жасырынбай толық көрініп тұрсын), бауыры жазық, жоны тартық болсын. Ұмасында орайы болса бауыры аман болады, үйірі өседі. Төрт аяғы тең (маймақ емес), жуан, жерге қаққан қазықтай нық та тең басатын болсын. Жіліншіктің сіңірлері білеуленіп, бөлектеніп тұрады. Бақайы қысқа, алдыңғы аяқтарының бақайы артқы бақайынан тұрқы сәл ұзындау, тұяғы жұмыр әрі берік. Жерсоғары қалың, шашалы келеді. Екіден үш қайырып, арқырай кісінейді.

lovak57Жүйрік туатын биенің сыны. «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» дегендей жүйрік болатын құлын табатын бие қубас, қамыс құлақ келеді. Оның құйрық-жалы сұйық, тұрқы ұзын, шоқтығы биік, бауыры жазық, қарынсау келеді. Сүті мол, құлыны еміп тауыспайды. Мама бие кезінде иігенде бұлақтай өзінен-өзі сорғалап түрады. Еркек құлын табатын бие төс қалдағына дейін ісініп желіндейді. Басқа жылқылар жусаған кезде жатпайды. Әлсін-әлсін оң жақ бүйіріне қарай береді. Оң жақ (қамшылар жағы) артқы аяғына салмақ салып, сол аяғының ұшымен тұрады. Оң жақ бүйірінде оңға ширатылған орайы бар. Кәрі биенің құлыны нәзік келеді. Әсіресе тұяғы жұқа болады. Бұл жер таңдап шабады. Тастақ, қатты жерде бәйгеге қосылса, қанша шаң тимес болса да шаң қауып тауанын шағып, жігерін жасытып, меселдесін таптайды. Құмайт жұмсақ жердің ғана жүйрігі болады. Нағыз болат тұяқтылар бесті (4-жас) биелерден туады. Бұлар жарыста жер таңдамайды.

0b02c8662c721ca6905650a5e3e36483Жүйрік болатын құлынның сыны. Құйрық-жалы әрі сұйық, әрі қысқа, жүні бұйра, құлағы ұзын, ауыз омыртқа шығыңқы.Тұяқтары жұқа, өткір (ұстараның жүзіндей), алдыңғы жағы ұзын, кірпік-қасы мол. Астыңғы, үстінгі еріндерінің екі жағы толған қылшық болады. Дөңгелек көз, үңгір қабақ, денесінде артық ет жоқ, сүйектері анық көрініп тұрады. Бұзау тұмсық, ешкі құлақ, ту сыртынан қарағанда, қос аяқ тышқанға ұқсайды. Делбе емес момақан, үнемі жерге қарап құйрығын бұлғақтатып, теңселіп, сенделген сыңай байқатып тұрады. Бие бауда желіге байланған құлын алғашқы үш күнде жатпайды, әрі қарай күн батқанша үнемі маңдайын күнге қаратып тұрады да әбден күн бата ұйықтайды. Міне, мұндай құлын кездессе, балаша мәпелеп, бие бауға қамап, төзімін тоздырмай еркін ұстаған жөн.
Желкесін ноқтаға қиғызбай, телілеп немесе арда емізіп, тайында қолын түсірмей, қоңын тайдырмай, арқа-басын кетірмей баптаса нағыз шаң тиместің өзі болатыны даусыз.

100_4749Тай, құнандардың сыны. Денесі бүкіштеу, дөңгелек, алды-арты кең аяқтары жуан, шашасы мол. Кірпік-қасы мол, иегінің астында, ернінде ұзын қылшығы бар. Төрт аяғын көсіліп, күнге қыздырынып жатады. Ұйқышыл келеді. Ұйықтап жатқанда түс көріп оқыранады, кісінейді, құмалағын иіскейді. Жуан биелерге жақындағанда айғыр болғысы келіп оқыранады.
Алдыңғы аяқтары ішіне, артқы аяқтары сыртына сәл майысқан. буындары жуан, мойны ұзын, тізесі шығыңқы, жалпақ, кеудесі кең, қарынсау келеді. Үстіңгі тістері аппақ, ал астыңғы тістері көгерген, тістің өзектері терең, түйе тісті. Астыңғы және үстіңгі тістері жымдасып тұрады. Жан жағына ұрлана қарайды. Шіңкілдеп кісінейді. Бұндай құлыннан көз жазып қалмаңыз. Үмітіңізді ақтайды.

9f1a8f7afabf8d5c03eccab2e7d0f2b3Қаржаубай Сартқожаұлы,

Қадыл АйдаубайұлыIMG_1675

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.