Тауасар атбегі

11135

Адай Тауасар деген атбегі төрт-бес кісімен бірге жолаушылап келе жатып, көрінім жерде бір қора қой жайып жүрген қойшыны көріп, соған соға жүргелі бұрылып барып: «Бағып жүргенің кімнің қойы?» — деп сұрапты. Қойшы: «Пәленше байдың қойы», — депті. «Ендеше сол байда шаруам бар еді», — деп кейін қалған сол ауылға барып қонып, ертең жүрерде шаруасын сұраса: «Маған анау қойшының астындағы торы шолақты бер, мен сізге құр ат немесе құлынды бие берейін, біреуге бір тұғыр бермек едім, жылқым шетінен жақсы боп беруге қимай тұрмын», — деп келісіп, торы шолақ атты әкетіп, орнына жақсы құр ат беріп жібереді.
7fab365b1Енді торы шолақ атты жылқыға қосып жіберіп, қасына күйі торы шолақ атпен бірдей екі атты қосып қояды. Жылқышыларға «мініп, түспеңдер!» деп ескертеді. Бір жыл өткен соң жаңағы саяқтың біреуін сойып қарайды, енді бір жыл өткен соң екіншісін сойып қарап, торы шолақты жаратып бәйгеге қосады. Торы шолақ бәйгеден бірінші келеді. Үлкен жиын-тойларда «Тауасардың торы шолағы» ылғи бірінші келеді, бәйгенің алдын бермейді. «Бұл торы шолақ қайдан шықты?» деген әңгіме болып, баяғы байдың қой торысы екені анықталып, арты дауға ұласып, ақыры торы шолақтың орнына атын беріп, өзі қайтып алады. Елге апарып жаратып, торы атты бәйгеге қосса бәйгенің артын бермейді. Содан кейін де бірнеше рет жаратып, жиын-тойларда бәйгеге қосса торы ат шаппайды. Осыдан кейін елдегілер: «Бұл атқа Тауасар бірдеңе жасаған болар», — деп, Тауасарға келіп аттың жайын айтады. Сонда Тауасар: «Бұл торы аттың маңдайына қыздырып, ұлтарағымды басқан едім, өзімнен рұқсатсыз шаппа деп, сондықтан бұл ат менсіз шаппайды», — депті. Ел адамдары: K31d-dU2WJE«Онда не алсаң да алатыныңды ал да, аттың бағын байлама», — депті. Содан кейін Тауасар атбегі торы атты өзі жаратып, бәйгеден келітіріп береді және ат бұрынғы қалпына келіпті. Оған риза болған ел адамдары: «Ал енді не алсаң да берелік, айт алатыныңды, арғымақ ат, айғыр аласың ба, болмаса арғымақ жақсы бие аласың ба?» — дегенде, Тауасар: «Мен ат, айғыр, биеңді алмаймын, маған жылқыңнан бір құлын бер, өзім таңдап алайын», — депті. Соған келіскен соң Тауасар: «Ендеше жылқыңнан қос құлын таңдап аламын», — деген екен. Былай шыққан соң жылқышыға. «Саған бір жақсы ат мінгізем, тек маған қай құлынның қандай қасиеті барын жасырмай айт», — дейді. Жылқышы: «Басқа құлындарды білмеймін, мына бір ұрғашы қара құлын түнде жылқы жусағанда жатып ұйықтайды, сол ұйықтағаннан жылқы өргенде де оянбай таң атқанша ұйықтайды, не енесін қалдырып кетем, болмаса өзін оятып аламын. Ал мынау ұрғашы ақ құлын күндіз жылқылар жусап тұрғанда, құлындар шауып ойнағанда енесінің үстінен секіріп былай да былай өткенде аяқтары енесінің еш жеріне тимей кете береді», — депті. Содан Тауасар жаңағы ұйқысы көп қара құлынды алыпты. Кейін жаратып бәйгеге қосқанда екеуі бірге қосылса, бірінші болып Тауасар алған байтал келеді, екінші болып манағы ақ байтал келеді екен. Ал екеуі екі бөлек шапса, қандай бәйгеде де екеуі де бірінші келіп тұратын болған.
«Қойшының астындағы жаман торының жүйрік екенін қайдан білдіңіз?» — дегендерге Тауасар. «Үш-төрт кісі болып жолаушы кетіп бара жатыр едік. Көрінім жерде жатқан бір отар қойды, оны бағып жүрген қойшыны көрдім. Қойшының астындағы аты жерден бір-екі тал шөп жеп, басын көтеріп, бізге қарап қайта-қайта елегізіп, тықыршығанын көріп, бұрылып барып аттың өрен жүйрік екенін білдім де жата жабыстым», — деген екен.

Мыңбай Сәдуов, республикалық құрметті теміржолшы,
Жылой ауданы.

1 comment

  1. Рустем Досымкулов 7 Тамыз, 2015 at 15:51 Ответить

    Ардақты ағайын!
    Жүздеген жылдар мен сынақтардан елімізге деген махаббатымызды өшірмедік, елімізді қалыптастырдық, тәуелсіздікке ие болдық. Барлығымыз бірігіп егемен мемлекет құрдық. Ендігі мақсатымыз – өткен жетістіктерімізді сақтай отырып, жаңа биіктерге жете отырып, болашақ ұрпақтарымызға бай және егемен елімізді аманат ету.
    Біздің тәуелсіздігімізге әлі екі онжылдық қана болды. Өз жеріңде өмір сүру және жұмыс істеу, өз тағдырыңды өзің анықтаудан артық нәрсенің жоқтығын миллиондаған қазақтардың түсінуіне осы қысқа тарихи уақыттың өзі жеткілікті болды.
    Қазақтарды тізе бүккізіп, бағындыруды, өз жерінен, атынан айыруды көздегендер аз болған жоқ. Бірақ оларға әрқашан жол бермей тұрған күш – ерлікке, атамекенге деген сезімге және бостандық жолында құрбандыққа толы қазақтық мінез жатты.
    Отанымыздың тәуелсіздігі жарияланған күннен бері жиырма жыл өтті. Бүгін, тәуелсіздігіміздің бағасыздығына көзіміз жете отырып, халықаралық тоғыста орналасқан Қазақстан Республикасының әлемдегі елдермен қарым-қатынастарының дамуын бақылап отырмыз.
    Сүйікті отанымыз Қазақстан – бүгін халықаралық қоғамдастықтың белсенді, танымал, құрметті мүшесі. Бұл жоғары мәртебе ұлтына лайықты әр ұлынан, сонымен қоса әр деңгейдегі депутаттар мен әкімдерден, үкімет мүшелерінен Отанның бүгіні мен ертеңі үшін, сүйікті Қазақстанымыздың дамуы үшін, сонымен қатар әлемдік аренада оның үнінің қатты шығуы үшін үнемі күш жұмсауды талап етеді. Отан үшін жауапты болуға әрқайсымыз адал еңбектеніп, жемісті күш жұмсап, үлкен жауапкершілік пен мықты ерікке, ұлттық намысқа, жоғары білімділікке, таза ниетке ие болуымыз қажет.
    Әр жыл сайын республика өндіргенінің 80 пайызын экспорттайды. Барлық табылған табыс, меніңше, халыққа еңбекақы, әлеуметтік игілік, отандық экономикаға инвестиция ретінде қайтуы керек. Әрқашан осылай болуға тиіс. Осындай экономика құру біздің мақсатымыз.
    Бүгінгі жағдайлардағы Қазақстанда біз одан әрі халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге, мектептер мен балабақшалар жетіспеушілігін және азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге, ауылдарды газификациялауға, индустриалды-инновациялық саясатты іске асыруға, қарапайым азаматтарды әлеуметтік қорғауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға міндеттіміз. Сонымен қоса, коммуникациялық тәуелсіздік және сауда қорғанысына, азық түлік қауіпсіздігіне және экономикалық өсімді өндіруші сала арқылы қамтамасыз етуге, халыққа стратегиялық кәсіпорындарды және пайдалы қазбалар орнын қайтаруға, заң шығарушы органдардың ролін күшейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарға жақындауымыз керек. Уақыт талабы осындай.
    Жоғары мақсаттарға жету мен үлкен жемісті жоспарларды іске асыру оңай іс емес. Ол бір-екі жылда орындалмайды. Бірақ әрқайсымыздың, ұлттың ұлдары – Парламенттің, Мәслихаттың депутаттарының, әкімдердің, үкімет мүшелерінің, ұйымдастырушылардың, барлық деңгейдегі мамандар мен жауапты жұмысшылардың, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің мақсаты адал еңбекті қажет етеді.
    Алдымызда шешімін талап ететін мақсаттар тұр. Мысалы Қаржы саласындағы мәселелер осы:
    • Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
    • Несиелік қорларды көбірек тарту және осы негізде шағын және орта кәсіпкерлікке, әсіресе өндірістік кәсіпорынға салынатын жалпы несие көлемін үлкейту;
    • Несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын жалғастыру және оның қызметін халықтың бос қаражаттарын тарту арқылы, банк қызметтері сапасын жақсарту арқылы, олардың орындалу тәртібі арқылы кеңейту.
    • Отандық өндіруші кәсіпкерлікке берілетін ұзақ мерзімді несиелерге клиенттерді тарту арқылы несие жүйесін нығайту.
    Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен Ұлттық банк және коммерциялық банктер осы бағыттағы несиелердің көлемі мен санын көбейтуге, несиелік қорларға көбірек клиент тартуға керекті шаралар қолдануға тиіс.
    Осыған байланысты, елде банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың санын көбейту үшін және қызмет сапасын жақсарту үшін барлық сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап, олардың қызметін жақсартуға жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар, алыстағы аудандарға микронесиелеуді көбейтуге қосымша шаралар қолдану қажет.
    Құрметті отандастарым!
    Осы ұлы жетістік пен бағасыз ұлттық игілігіміздің қасиетті, мінсіз, және әрқашан тұрақты тәуелсіздігін сақтау — мемлекеттің мақсаты және Қазақстанның әр саналы және адал азаматының миссиясы. Тәуелсіздік пен егемен мемлекетті, әлемді нығайтуды, тұрақытлық пен ұлттық бірлікті, жоғары отаншылдық сезімді, рухани қырағылықты, ұлттық намысты, ұлттық құндылқтар мен мемлекеттік нышандарды қорғау – нағыз азаматтық қоғам құруға, мықты экономикалық және әлеуметтік дамуға, стратегиялық жоспарлар мен мақсаттардың іске асуына бізді толықтай бағыттайды.
    Тәуелсіздік пен оның жетістіктерін нығайту бізді халықтың тарихи санасын, этикалық және мәдени құндылықтарын қалпына келтіру мен тілдің, әдебиеттің, ғылымның, мәдениеттің, ағарту мен білім берудің дамуына көп күш салуға итермелейді.
    Ұлттық сананың қалыптасу үрдісін күшейтудегі, өркениетті азаматтық қоғам негіздерін күшейтудегі тарихымыздың тағдырлы кезеңінде ең қуатты жемісті құрал – қазақ халқының ұлы бабаларының мұрасына назар салу.
    Тәуелсіздік жылдарында тамаша тіл болып саналатын мемлекеттік тіліміздің қалпына келуі және дамуы үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек еді. Өйткені бұл бабалардан қалған аманат және біздің ұлтымыздың ең басты құндылығымыз. Біз отаншылдар қазақ тілін көсегесін көгерту үшін барлық шараларды жасаймыз. Бұл біздің тарихи міндетіміз.
    Бір кездері мемлекеттік және саяси тіл болмаған қазақ тіліміздің үні қазір БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың ең жоғары мінберлерінен шығып тұруға, ақ көгершін сияқты бейбітшілік пен достық құсы ретінде әлемдік кеңістікте шарықтауға тиіс.
    Сондықтан, ежелгі, бай, дана және ақындық тілге деген мемлекеттік және бүкілхалықтық қамқорлық – әрқайсымыз үшін асыл парыз.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.