Күрең айғыр (поэма)

15029

«Аллаға шүкір мен тәубе! «Көңіл сазын» жүргізетін Галя Саламат қарындасыма мың да бір алғыс. Болған оқиғадан туған жанайқай жырымның көпшілікке тарауына себепкер болған қарындасыма денсаулық, мол бақыт тілеймін. Ал төменгі «Күрең айғыр» жырының тууына бір ғана сурет қозғау болды. Үстіміздегі жылдың көктемінде, шамамен сол наурыз айында ғой деймін әйелім инстаграмға жарияланған «Бір айғыр өз үйірін қасқырлардан қорғап қалды» деген жазуы бар суретті маған көрсетуі мұң екен, көзімнен жас парлап жүре берді… Суреттегі күрең айғырдың алқымы мен шабы таланған, қансырап тұр. Қоң етіп ойып алған. Сонда да жайбарақат тұрған жабы тұқымды қазақы айғыр менің жан сарайымды астаң-кестең қылып жіберді. Өзімді қоярға жер таппадым. (ол сурет төменгі слайдта бар) Содан екі апта бойы күрең айғырдың суреті көз алдымнан кетпей қойды. Ас-су батпады. Айғыр суреті дұшпанмен айқасқан қас батыр бейнесіндей әсер етті… Сөйтіп жүргенімде бір күні түс көрдім. Түсімде күрең айғырдың үйірімен тебіндеп жүргені, аш қасқырларға тап болғаны, бәрі-бәрі картинадай ап-анық назарымнан жылыстап өте бергені… Күрең айғыр кей сәт өзім екенмін деймін, кей сәт әлдебір батыр… Жылқы мен адам… Қат-қабат дүние… Айқай-сүрең… Денемді мұздай тер басып таңсәріде оянғанымда мұның небәрі түс екенін білдім… Сөйтіп болған оқиғаны Тәңірдің жазуымен түсімде қайталап көру бұйырды… Бұл түс түсім деп ойламадым, шындай әсер етті… Құдды сол оқиға болып жатты… Содан ауыр ойдан арыла алмай әрі-сәрі күй кешіп, ауырдым… оның ақыры от боп өзекті өртеп, жүрекжарды… өлең-жыр болып!.. «Күрең айғыр» поэмасы осылай дүниеге келген болатын. Мархаббат!.. Аллаға шүкір етемін, көкірегіме салған суреті мен көмейіме салған сөзіне. Мың сан шүкір. Аллаға шүкір етемін.»

Мұңайдар Балмолда

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.