Зейнолла САМАШЕВ. Графикалық өнердегі аттылы жауынгердің бейнесі
Қолында сирек кездесетін туымен, найза және садақ қаптағы садақпен бейнеленген салт атты адам ортағасыр кезеңінің өзіндік эмблемасы болып табылады. Тарих сахнасында көшпелі мемлекеттік құрылымдардың, тайпа бірлестіктерінің, тайпа мен рулардың құдіретті көсемдері, сонымен қатар қолбасшы, батыр және т.б. пайда болады. Аттылы адамдардың шынайы және жалпыланған бейнесі батырлар кезеңінде, соның ішінде таста бейнеленуі бойынша барлық қол жетерлік ақпарат құралдарында айқындалған. Өнердің анық берілген прокламативті сипаты өзінің мазмұны бойынша көптеген әскери-саяси істер туындатып, құдіретті далалық империяның ыдырауы нәтижесіндегі ортағасырлық көшпелі қоғамның милитарландырылған сұрағына жауап болды. Осы оқиғалардың барлығының ортасында қоғамда белгілі бір деңгейде мәдениеттің архетипі болған, күрес алаңында өзінің жеке айбыны және ерлігімен жеңіске жетудің арқасында ерекше құрметке ие болған аттылы адам тұрды.
Туы бар аттылы адам бейнесі батырлар дәуірінің кең танылған эмблемасы және қалыптасуы салт аттылы бейненің тууымен және дамуымен байланымсты түрктік мәдени кешеннің ерекше «мәдени коды» болып табылады. Зерттеушілердің пікірінше ерте кезеңдегі салт атты бейнесінің жарқын феномені солтүстік қазақ даласындағы энеолиттік Ботай ескерткішінен байқалады.
Атты мініс құралы ретінде игеру уақыты бұрынғы көзқарас бойынша б.з.д. ІІ ғ. соңына жатады (қола дәуірінің аяғы). Бұл кезең атпен айқасқан аңыздағы батырлардың отырықшы-егін шаруашылығының айналысқан халықтарға қорқыныш туындатқан ұлы «кентавлардың» нақты басталу эрасы.
Б.з.д. І мыңжылдықта үзінділерді ұрпақтарының ауызша жеткізуінің нәтижесінде жинақталған түрде сақталған дала халықтарының батырлар жыры туындайды. Аттылы жауынгерлердің батырлығының апофеозасы ретінде б.з.д. VIII ғ. ортасына жататын ерте түрктік поэзия ескерткіштеріндегі батырдың бейнесінің қкалыптасуын есептеуге болады. Бұл бірінші кезекте стела-бітік тастардағы орхон-енисей жазбалары арқылы таныс (Стеблева, 1976).
Зейнолла Самашев, «Ортағасырлық ұлы дала халықтарының графикалық өнері» мақаласынан қысқартылып алынды
«Еуразиядағы түркі мұрасы ҮІ-ҮІІІ ғғ» топтамасынан