Мініс және бәйге аттарын баптау әдістері
Ат жаратудың үш фазасы бар:
1) Шаршау;
2) Қалпына келу;
3) Жұмыс қабілеті жоғарлау фазасы.
Осы үш фазаның бір-бірінен айырмашылықтары жер мен көктей. Ат жарату үшін: білікті малдәрігері, зоотехник-селекционер, жылқышы, бапкер, шабандоз, күзетші қажет.
Бірінші шаршау фазасы:
Аттың іш майын кетіру, бұл өте жауапкершілік пен шыдамдылықты аса қажет ететін уақыт аралығы. Атты жетектеп денесін әбден қыздыру қажет шамамен 10-15 минут, 45-50 минут ұзын арқан мен шабандоз бір орында тұрып аяңдатады. Ат терлегеннен кейін 10-15 минут жетектеп жүріп суыту қажет. Осыдан кейін көлеңкеде 1,5-2 сағат суытасыз, суығанан кейін атты моншаға шомылдырасыз. Осымен бірінші күннің жаттықтыру уақыты аяқталады. Бұл фазыдан өту мерзімі аттың семіздігіне байланысты 3-5 күн уақытыңызды алады. Ең маңыздысы осы бірінші фазада аттың әбден суығандығына көз жеткізу қажет. Кейбір жағыдайларда 1,5-2 сағат уақыт аз болуы мүмкін.
Екінші қалпына келу фазасы:
Шабандоз 10-15 минут мініп жүріп аттың денесін қыздырады, 40-45 минут атты аяңдатып жүргізеді. Бапкер шабандоздың желіп немесе шауып кетпеуін қатаң бақылауда ұстауы керек. 2-3-ші күндері 10-15 минуттай қыздырғанан кейін аяң мен желісті алма кезек ауыстыру арқылы 40-45 минут уақыт өткенен кейін, атты 1,5-2 сағат суыту қажет. Суытқаннан кейін атты моншаға түсіресіз.
Бірінші және екінші фазадан өтуі кезінде шөптің мөлшері малдәрігер мен бапкердің қатаң бақылауында болады. Екінші фазаның уақыты 25-27 күн аралығында өтеді.
Үшінші жұмыс қабылетін артатын фаза:
Бұл фазаның алғашқы екі фазадан айырмашылығы – жаттығыудың тәртібі өзгермейді. 10-15 минут қыздыру, 40-45 минут аяң мен желісті алмастыру, 10-15 минут аттан түсіп жетектеу, 1,5-2 сағат суыту, моншаға түсіру.
Жатығу мерзімі 30-күніне дейін 10 күн сайын шаптырып аттың тынысы ашылғанына көз жеткізу; Жаттығудың 65-70 күндері ащы терінің жоқтығына көз жеткізу; Ащы тері толықтай алынып, тынысы ашылғаннан кейін бұлшық еттерін шынықтыру уақыты басталады. Жатығыудың 80-85 күндері шөптің, сұлының мөлшерін 60% азайтып, бал мен алманы, сәбізді 10-15% көбейтеді. Аттың жүрек соғысын, дене қызуын таңертең жатығудың алдында, кешкісін жаттығыудың соң 30-35 минут өткен соң міндетті түрде тексеріп тұрады. Жаттығыудың жарысқа шығатын 90-ші күні атты ұйықтатпай жетектеп жүрген өте маңызды.
Мініс аттарын ауыстырмаңыз
Төрт түлік малды бағатын аттардың ерекшеліктері: Ұсақ малды бағатын аттар мен үнемі шауып жүруге болмайды. Малды өріске қуаламай жаймен айдап шығасыз, малдың баратын жеріне дейін баяу, өздерінің еркін жүрісімен айдап барасыз. Қой бағатын аттарды, ірі қара малға, ірі қара малды қайыратын аттармен жылқы бағуға мүдем болмайды.
Бір сөзбен айтқанда, аттарды ауыстыруға болмайды. Мысалы сіз жеңіл машинамен жүк тасып, ал жүк машинасымен қонаққа бармайсыз ғой. Егерде осы табиғи ұстанымға берік болсаңыз еңбегіңіз жемісті және көптеген қиындықтардың алдын аласыз.
Сол секілді, денсаулық үшін серуендейтін аттар мен жүк таситын аттарды да өз мақсатына қарай пайдаланған өте орынды болады.
Бәйгі аттарын даярлау
Ұшқыр бәйге 1,5-3,5 мың метірге дейінгі қашықтық. Тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс. Бұлар – бәйгі аттарының жас ерекшеліктеріне қарай сынау және дайындау мектебі.
Аламан бәйге жыл мерзіміне қарай 21-ден 31 км аралығындағы қашықтықта өткізіледі. Жарысқа қосатын аттардың жасы бес жастан төмен бомауы қажет.
Ұзақ қашықтықта – 80-160 км сыналатын және тәуліктік жарысқа шабатын аттардың жастары жеті жастан кем болмауы міндетті.
Жорға, желіс, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қыз-қуу, аттарын дайындау өте шыдамдылық пен жауапкершілікті талап ететін мектеп.
Жылқы шаруашылығының барлық саласында кездейсоқ адамдардың болмауын қатаң бақылауда ұстауға міндеттісіз. Жылқы саласында жұмыс істегісі келетіндер қазақтың тілін, салт-дәстүрін, ауыз және жазба әдебиетін жетік меңгерген; сабырлылық, шыдамдылық, қанағат пен шүкіршілікті ту етіп ұстайтындар ғана өз қабілетін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Басқа жол жоқ. Жылқы шаруашылығы – дала мектебі. Ал біз даламызды әлі толық зерттеп болған жоқпыз.
Жылқы биолокациалық сезімталдығының арқасында уақыт пен кеңістікті еш бір қателіксіз сезінеді және ажыратады. Бабаларымыз жылқының осындай қасиеттерін өте жоғары бағалаған. Ал бәйгі аттарын жарататындар мен қымыз жасаудың қыр-сырын жетік меңгерген адамдарды, экологиялық мәдениеттіліктің биік шыңына шықан, текті адамдар деп санаған. Сол себептен бапкерлер мен шабандоздардың жаттығу кестесіндегі уақытқа аса мұқияттылықпен қарауға міндетті. Бір минут түгіл, бір секунтқа да кешігуге болмайды.
Ал сауын биелерді ашуландыруға болмайды. Қымыз фермасында жұмыс істейтін жұмысшылардың мәдениеттілігі мен кәсіптік шеберліктері бір арнада болған жағдайда ғана, шипалы қымызды өндіріуге мүмкіндік болады. Шипалы қымызды жасау үшін, бие сүтін құндақтағы сәбидей мәпелеп, бәйгі атындай баптау қажет. Бұл – табиғат заңы.
а.ш.ғ.к., «Экология және тіршілік қауіпсіздігі»
кафедрасының аға оқытушысы ҚазИТЖУ.
Жаксы