Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ. Қазақ даласы – жылқының отаны

1912075_251204615050742_883894235_n

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болды. Жылқыны қолға үйрету көшпелі шаруашылық пен дала өркениетінің негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының тұрмыста маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арба-шанаға жегу, жауынгерлік және сайыс өнеріне бағытталып өсірілген.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді. Алайда, соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.
Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, «Horse» атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
20140806173356Ағылшын зерттеушісінің жоғарыдағы пікірі еліміздің солтүстік пұшпағында орналасқан Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталмыш археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуропалық «National Geographic News» атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен…» деген байлам жасады.
Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: жоғарыдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген, әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар, жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.
Осы дәлел-деректерді негізге алған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони: «Егер ботайлықтар биені сауып, сүтін пайдаланған болса, бұл жылқылар жабайы емес, яғни, қолға үйретілген жануарлар» деп, түйін сөзін айтқан. Сондай-ақ, Ботай қонысы маңына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ұлыбританиялық жетекші ғалым, Эксетер университетінің қызметкері Алан Оутрам: «Біздер тапқан жаңалықтан түйгеніміз, байырғы адамдар біз ойлағаннан да өнертапқыш екенін көріп отырмыз» дейді.
Қысқасы, біздің жыл санауымыздан 3600-3700 жыл бұрын энолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар Есілдің жағасын мекендеп, жылқыны қолға үйретіп, оның етін тұтынып, қымызын ішіп күнелткен. Зерттеушілер осындағы жылқы сүйегінің бір жерге аса көп мөлшерде шоғырланғанына қарап, ботайлықтар жылқы малын будандастыруды да меңгерді деген оқшау тұжырым жасайды.
Сол секілді француздың атақты шығыстанушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде, «ең алғаш жылқы малын қолға үйретушілер көшпенділер болған» дей отырып: «Сайын дала – жылқының отаны. Далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар һәм ат әбзелдерін ойлап табушылар да осылар…», – дейді.
Яғни, ежелгі дәуірде жылқы түлігінің қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені бұл малдың ерекше қастерленіп, өмір сүру жоралғысының ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Тіпті, қазақ халқы әлі күнге дейін жылқының сүтін қымыз ретінде пайдаланып отырғаны – қазақ даласында сонау ежелгі дәуірден бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрдің айғағы.
Адамдардың жылқы малын қолға үйреткені емес, бірінші кезекте оны көлік құралы ретінде тұтынғаны тарихи маңызды. Себебі, адамдар жылқыны ерттеп мінгеннен бастап, адамзат тарихында үлкен сілкініс жасалды. Қазіргі техника дәуірі өркендеген заманның өзінде жылқы түлігі тарихи, шаруашылық маңызын жоғалтқан жоқ.

301183_104849579670937_1382221119_nБекен Қайратұлы, “Қазақтың атбегілік өнері” кітабынан

4 пікір

  1. Albert

    Ботайды ашқан профессор Зайберт “Ботай 6000 жыл бұрын болған, және сол кезде жылқыға сүйектен жасап ауыздық салған” деген декрек келтірген еді.

  2. маншук

    Сәлеметсіз бе, осы китапты калай кайдан сатып алса болады?

  3. Альмира

    Сәлемесіздер ме! осы кітапты қайдан сатып алса болады “Қазақтың атбегілік өнері деген”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>