Азия чемпионаты. Көкпардан топтық кездесу аяқталды

2361

Алматыдағы Азия чемпионатында А тобының ақырғы ойыны Ауғастан мен Өзбекстан арасында өтті.

Ежелден етене қарсыластар бұған дейін жаппай көкпарда ғана бақтарын сынап келген деуге болады. Командалық ойында екі ел додапаздары «Байсерке» атшабарын аламанға айналдырды. Бір біріне нағыз сай, бірін бірі тақым қағысынан танитын қос команда бір-біріне есе жібермеудің барлық әдіс-тәсілін пайдаланып бақты.

Жаппай көкпардың додасында дараланып тұрған екі команда 20 минутқа созылған бірінші таймда есепті 1:1-мен ұстап тұрды. Екі жақтың да көкпаршылары тісқаққан, мықты жігіттер екені көрініп тұр.

Иә, Жастар чемпионаты екені анық, дегенмен, ұйымдастырушы тарап, яғни Қазақ елі өзге елден келетін ойыншылардың жас мөлшерін 25-ке дейін ұзартқан болатын. Себебі, ұлттық ойынымыздың өзге елдерде де дәріптелуі басты мәселе.

Сонымен, ойынның алғашқы бөлімін тең аяқтаған қос құрама, екінші таймда есепті 2:1-ге ғана өзгерте алды. Ойын Өзбекстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Осымен Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған Жастар арасындағы І Азия чемпионатының топтық кездесуі аяқталды. 21 сәуір күні 15:00-де Қазақстан мен Моңғолия арасындағы финалдық бәсеке өтеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!