Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ, Қадыл АЙДАУБАЙҰЛЫ. Жүйріктің ішкі құрлысының сыны

14432

Жылқының ішқұрлысыЖүйріктің сыншысын тығырыққа тіреп, апшысын қуырып, жігерін құм қылатын жасырын сырлары да болады. Олар өкпе, жүрек, бүйрек, бауыр, көк бауыр сияқты көзге көрінбейтін ішкі мүшелері. Енді ішкі сыры немесе жасырын белгілері туралы да білгеннің артықтығы болмас. tromboemboliya-legochnoi-arterii

Өкпесі. Кішкентай болады. Мұның белгісі мұрын (танау) не мұрынның желбіршегінен көрінеді. Жүйріктің танау желбіршегі жайбырақат дем алып тұрғанда қусырылып, шауып ентіккен кезде кеңейіп, дөңгелектеніп кетеді. Ал мұрынның ішіндегі шершеуде 3-5 тесік болады. Бұл тесіктердің саны одан да көп болса тіптен жақсы. Танауының тесіктері тар, шершеуінде тесігі жоқ жылқылардың өкпесі үлкен болады да ішке тартылған ауаны сыртқа толық шығара алмай, өкпенің көлемі үлкейіп қабырғаға тіреліп қысылады. Сөйтіп, тынысы тарайып, шабысты доғарады.

527-1393575257heart1Жүрек: Жүйрік ат үркіп-қорықпайды. Орға салсаң да түсіп кетеді. Топты көргенде, алыс жолға жүргенде ажаттанып, ауаны жара тұқыра тартып отырады. Жетекке желмаяша ылпылдайды. Қысқасы иесінің ықпалымен болатын аттардың жүрегі сау болады. Оның белгісі — көзі күрең немесе қызыл, құлағының түбі жуан, ұшы жіңішке келеді. От шашқан қой көзді, жымырайған қуыс (қушық) құлақ жылқылар жүрексіз келеді. Мұндай жылқы топты көргенде қалшылдап-дірілдейді, қасындағы атқа тығыла береді, алып қашады, қарайған-құрайғаннан жалтылдап үркіп отырады. Жетекке жүрмейді, иесіне сенбейді, шылбыр қашаған болады.

ris226Бүйрек. Кішкене болғаны абзал. Бүйрегі кішкене жылқының құлағының түбі жуан, тесігі кең, құлағы жұқа, ұзындау, ұшы үшкір болады. Құлағы қалың болса, бүйрек үлкен болады.

images

Бауыр. Кішкене болғаны жақсы. Бауырдың айнасы — тіл. Бауыры кішкене жылқының тілі жұқа, ұзын, ақшыл түсті болады.

spleen

Көкбауыр. (Талақ)— үлкен-кішілігін тіс етіне қарап айырады. Көк бауыры кішкене жылқының тіс еті ақшыл өңді, жұқалтаң келеді. Ал көк бауыры үлкен болса, тістің еті талауырап барбиып ісінген, өңі қызғылтым болып көрінеді.

9f1a8f7afabf8d5c03eccab2e7d0f2b3Қаржаубай Сартқожаұлы,

IMG_1675Қадыл Айдаубайұлы

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!