550 жылдыққа 51 шақырым аламан!

6749

6ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аламан бәйге «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі жайлы баспасөз мәслихаты болып өтті.
Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мырза, шараның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры екенін таныстыра отырып, аталмыш бәйге тек жүйріктер сайысы ғана емес, дәстүрлі атбегілердің де, білім-білігін сынайтын айырықша маңызы барын атап өтті.

51 shakyrymҰйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бәйге алдағы 6-қыркүйек күні Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Астанадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағында өтеді.
Сондай-ақ, аламан жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа сәйгүліктердің барлық тұқымдары қатыстырылады. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекенің басты ерекшелігі бәйге жолы ұзартылған, яғни, өткен жылы 43 шақырым болса, биыл 51 шақырымға созылып отыр. Жарыс әр айналымы 12,5 шақырымды құрайтын 7 бақылау бекеті бар, үлкен шеңберде өтеді.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры 23 млн теңгені құраса, бас жүлде 10 млн. теңге. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалып отыр. Сонымен қатар, шара барысында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ат тағалаушылардың сайысы да жалғасын табады.

ulttyqsport.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!