Аттың сыны мен жүрісінің атаулары (инфографика)

17465

el.kz порталында жылқының сыртқы мүшелерінің атауы мен сыны және жүріс түрлерінің атаулары инфографика ретінде берілген екен. Порталдағы мақалада бұл атаулар түрлі батырлар жырынан алынғанын және ат бапкерлері, атсейістердің айтуы бойынша дайындалғанын ескертеді. Дегенмен жылқының дәл осы атаулары мұнымен ғана шектеліп қалмайтынын, Жағда Бабалықұлы, Ахмет Тоқтабай, Қажытай Ілиясұлы қатарлы танымал жылқытанушылар бұдан әлдеқайда көп атауларды жинақтағанын ескертеміз. Мұнда берілген атаулар соның бірі парасы ғана деп ұққандарыңыз жөн.

argymaq.kz

Жылқы тақырыбы бізде өте көп зерттелген. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары жылқы жөніндегі материалдар көбейіп, көлемді мақалалар мен арнаулы деректер басыла бастады. Жылқы туралы дерек өте көп, соның бір парасын сіздерге инфографика ретінде ұсынып отырмыз. Аттың сыны, аттың сыртқы мүшелерінің атауы, жылқының жүрісі туралы.

Attyn synyРеспубликамыздағы жылқы саны ТМД елдеріндегі жылқының 20 пайызын құрап, бірінші орында тұр екен. Елімізде 1,5 миллион бас жылқы бар екен. Қазақстандағы барлық жылқының 70 пайыздан астамы ежелгі ата-баба дәстүрімен, тебіндеп жайылу әдісімен бағылады. Сондай-ақ, Қазақстан қымыз өндіру бойынша да ТМД көлемінде бірінші тұрады.

bas mushesiХалықтың ат жарату өнерін Бөкей ордасында 33 жыл Жәңгір ханның атбегісі болған Шоқай Шонқаевтан ауызба-ауыз жазып алған атты әскер офицері А.Каллердің мақаласы бұл тақырыпқа жазылған бірден-бір еңбек. Атбегінің ұзақ жылдардағы мол тәжірибесі айна-қатесіз қағаз бетіне түсірілген. А.Каллердің жазып алғанындай, ат баптау мерзімі мамыр айының басынан басталып, екі жарым айға созылып, үш кезеңнен тұрады. 1 – жемдеу; 2 – атты әртүрлі жүріспен жүргізіп (аяң, желіс, шабыс) бабына келтіру; 3 – терлету, денесін майынан айырып жеңілдету. Зерттеушінің еңбегінде баптау мерзіміндегі аттың қай мүшесінің қандай болу керектігі, жемдеу тәсілдері, қораа қаңтару, жүріс түрлеріне салу рет-ретімен жазылып, ұғынықты түсірілген.

syrtkhy beinesiА.М.Каврайский 1923 жылы қазақ жылқысы туралы шыққан еңбегінде, Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы жалпы жылқы саны 8 млн-ға жетіп қалуы керек деп жорамал жасаған.

Қазақтың жылқыға байланысты туған наным-сенімдері Х.А.Арғынбаевтың, Ә.Т.Төлеубаевтың, С.Е.Әжіғалидің еңбектерінде, мақалаларынд көрініс тапқан. Жылқыға байланысты тарихи-этнографиялық деректердің қайнар көзі – фольклорлық материалдар, атап айтқанда батырлар жыры, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер.

Syrt beinesiХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жылқы шаруашылығына байланысты әдебиеттердің барлығы алдымен қазақ жылқысын таныстыру мақсатында сипаттама түрінде жазылған.

ZhyrisiҚазақтың атқа отыруын басқа халықтар тамсана суреттейді. Соның бірі орыс армиясының генералы болған И.О.Бабков. «Қазақтар казактарға қарағанда тамаша шабандоз, жақсы жауынгер болу үшін оларға тек қару жетіспейді. Егер де қарулары болса, олар біздің емес, біз олардың айтқанымен жүріп, айдағанына көнер едік» деген.

Деректерді әзірлеген – Жандос Смайлов
Инфографиканы жасаған – Арман Қалибекұлы
el.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!