Классикалық ат спорты түрлері

11065

Классикалық ат спорты түрлері олимпиадалық ойындарға кіретін ойындар түріне жатады. Оларға атпен салт жүру жоғарғы мектебі, үшсайыс және кедергіден секіру кіреді.
Салт жүру жоғары мектебі – ол шабандоздің жылқының әрбір жүріс түрімен әдемі жүргізу, басқара білу өнері болып саналады. Тек осындай жүріспен жүре алған кезінде ғана жылқы мен адамның нағыз бір-бірінің толық түсініп, сезінетінін білуге болады.
Жылқыны дұрыс басқара білу үшін оған арнайы жасалған мундштукті (ауыздық) жүген кигізіледі. Ол темірден жасалады, жылқының аузының тісі жоқ жерінде, жай ауыздықтан төмен орналасады. Жеке мундштук шынжырына бекітілген белбеу оның жылқы езуіне әсерін арттырады. Мундштукті жүгенмен жүрген кезде шабандоз төрт бірдей тізгінді ұстайды: екеуі жүгендікі, ал келесі екеуі мундштуктінікі және оларды өз ретімен жеке-жеке пайдаланады. Бұндай жүген түрімен тек тәжірибесі мол спортшы ғана жүре алады.
at sporty3Салт жүру жоғары мектеп әдісін жабық манеж жағдайында, құм, не болмаса шөп егілген тегіс алаңда жүргізуге болады. Алаңның көлемі – 20 x 60 м. Алаңның ұзын жақ қабырғасына және қысқа жақ қабырғасының ортасынан арнайы жазылған әріптері бар тақтайшалар қойылады. Шабандоз әрбір белгіленген жүріс әдісін рет-ретімен орындай отырып, көрсетілген уақыт мерзімінде өте білуі керек. Көрсетілген әріп арқылы спортшы әрбір жүретін әдісті қай жерден бастап, оны қашан бітіру керек екенін қөніліне толкиды.
Әрбір спортшының жарысқа қатысуы жылқының өз (табиғи) және арнайы үйретілген мәнерлі жүрістері арқылы басталады. Жылқының табиғи жүрістерін көрсеткен кезде, шабандоз аттың ең жақсы үйренген жүріс түрлерін: аяңды, желуді, шабуды көрсете алады.
Аттың жүру жоспарына: тоқтау (жылқының қалт етпей қозғалмай төрт аяғымен нық тұруы); шегіну (жылқы тіп-тік бойында тұп-тура кейін шегінуі); бұрылу (жылқының артқы екі аяғын орнында ұстап алты метрлік шеңбер жасауы) және т.б. түрлері жатады.
Жарыстың бірінші жартысында негізінен жылқының табиғи жүріс түрлері көрсетіледі.
Ал екінші жартысында – қиын, арнайы үйретілген түрлері көрсетіледі, оларды көрсету өте қиынға түседі. Жылқыға шоқырақтау кезінде бір аяқтан, екінші аяққа, сол аяқтан, оң аяққа, тіпті, аяғын әуеде «асылып» тұрған сәтте басқа екі аяқты ауыстырып үлгеруі керек. Не болмаса, бүйірімен жылжу (принимание), ол кезде жылқы бір бүйірімен денесін манеждің қабырғасына тепе-тең ұстаған күйі, желуі, шоқырақтап оның бір бұрышынан екіншісіне жүруі керек. Аяңмен, не болмаса, желу арқылы жылқы бір орында тұрып шеңбер (пируэт) жасауы, не болмаса, жартылай (полупируэт) шеңбер жасауы қажет.
Ең қиын әдістердің бірі – пассаж бен пиаффе. Пассаж – қысқартылған, тезірек қимылдайтын желу түрі. Алдыңғы және артқы көлденең аяқтардың ақырын көтеріліп, түсірілуі жылқы билеп тұрған сияқты әсер қалдырады. Егер пассаж жасаған кезде, жылқының алдыңғы тұяғы алдыңғы жіліншіктің орта шеніне дейін, ал артқы тұяғы бақайшыққа дейін көтерілсе, онда пассаж дұрыс жасалған болып есептеледі. Жылқы алға жүргенде, ақырын және өте әсем жүруі керек.
Пиаффе – бір жағынан пассажға ұқсас жүру әдісі, бірақ бұл ретте жылқы бір орында тұрып «билейді». Әрбір жасалған әдісті алқа мүшелері 10-баллдық ретпен баға береді, соңынан барлық алқа мүшелерінің баллдарын қосып, ең көп балл алған атты спортшыны анықтайды. Әсіресе, әрбір әдістің жеп-жеңіл, қысылмай жасалуы, бір әдістен екіншісіне ауысқандағы сәні мен мәнері өте жоғары бағаланады. Дегенмен, көрушілерге шабандоз бен жылқының төккен терлері көбіне-көп көзге көрінбейді, олар жылқы өз көңілімен оп-оңай, ойнап жасалғандай көрінеді.
Берілген талаптарды орындамаса, уақытын артық пайдаланса, әдістерді дұрыс жасамаса алқа мүшелері айып беріп, оны барлық берілген балдан шегеріп, алып тастайды. Ең көп балл жинаған шабандоз жеңіс тұғырына көтеріледі. Ұжымның жеңімпазын білу үшін олардың барлығының баллдарын қосу керек, кім көп жинаса, жеңіске жетеді.
Ең соңғы деректер бойынша салт жүру жоғары мектебінің тәртібі бойынша жүргізуші өз өнерін он минут ішінде көрсетіп үлгеруі керек. Егер уақыты бұдан асып кетсе, шабандоз әрбір артық секунд сайын жарты (0,5) айып беріледі.
at sporty2Үшсайыс үш тәулік бойы жүреді. Бірінші күні — манежде, екінші күні – дала тексерісі, үшінші күні – кедергілерден секіру.
Манежде жүру. Жоғары салт жүру мектебінің бірінші күнгі сайысы манеждік алаңда өткізіледі. Манежде жүру жоспарына жылқының табиғатта өзі жүретін әдістері кіргізілген – шоқырақтау, шегіну, қабырғалап жүру, т.б., әрбір жүріс түрін 10 балл әдісімен бағалайды. Жалпы шабандоздың алған бағаларын былай қорытындылайды. Шабандоздың ең көп алуы мүмкін балл қорытындысынан оның жарыстағы алған баллдарының қорытындысын алып тастайды. Соңынан оған алған айыптарын (штраф) қосады. Осының бәрі барлық айып мөлшерін көрсетеді. Ол неғұрлым аз болса, шабандоздың соғұрлым жеңу мүмкіндігі артады.
Даладағы тексеріс – жарыстың қиын әрі жауапты бөліктері. Жылқылар жүріп өтетін жол 4-ке бөлінеді – А, Б, В, Г. Әрбір бөліктің өз жеңімпазы аталады. А және В — бөліктері жай жолдар; Б – кедергілерден секіру (стипль – чез); Г – әртүрлі жолдар.
Әрбір бөлікті әрбір спортшы өзіне ертерек айтылған уақытымен өзі ғана жүріп өтеді. Даладағы жүретін бөлікті шабандоз өзіне көрсетілген жолмен (маршрут) ғана өтуі тиіс. Ол үшін спортшыға жарысқа дейін бір күн бұрын жол жүру сызбасы беріледі, одан өзі де сол жерлермен бірнеше рет жүріп көреді.
А бөлігінен шыққан спортшы дала жолдарының бәрін желіп отырып, көрсетілген уақыттан озбай өтуі керек. Егер ол уақыттан ерте келсе, айып балл беріледі. Жүргізуші өз жағдайын есептеп, белгіленген мерзімнен көп ерте келмеуі керек. Өйткені соңғы шабыс кезінде жылқының күші өте көп қажет болады.
Одан соң көрсетілген уақытпен кедергіден секіру (стипль– чез) бөлігі басталады. Тегіс жерде жылқы секіргенде, сынып қалмайтын арнайы кедергілер жасайды. Әрбір (бір) шақырым сайын 3 кедергіден келеді. Кедергінің биіктігі – 120 см-ге жетеді; жер бетіндегі ені – 300 см, ал үстіңгі ені – 200 см; төменгі көлденеңі –300 см, жоғары көлденеңі– 200 см және жоғары; суы бар шұңқырдың көлденеңі – 4 м, сусыз– 3,5 м.
Бұл жағдайда да көрсетілген уақытта үлгеру керек, болмаса, айып балл беріледі.
Кедергілерден аман есен өткен соң, жүргізуші В бөлігіне өтеді, одан соң ең қиын бөлік – кроссқа дайындалады.
Кросс әдісімен жүру үшін бірнеше қиын жолдардан өтуі керек. Әрбір (бір) шақырым сайын 4 бұзылмайтын кедергілер орнатылады.
Барлық кросстың ұзындығы кейде 8 шақырымға жетеді. Әрбір қойылған кедергі жер бедеріне сәйкестеліп жасалғаны дұрыс. Кедергілер тік түсетін, не болмаса, тік көтерілетін жерлерге, күрт бұрылатын, шұңқырларда, шалшық суларда, т.б-да қойылады. Шабандоз уақытында үлгермесе, құлап қалса және жылқысы иесіне көнбесе, айып балл төлейді.
Жарыс аяқталған соң шабандоз арнайы таразыға түсіп, өлшенеді. Шабандоз ер-тоқыммен қосқандағы барлық салмағы жарыс тәртібінің реті бойынша 70-75 кг аспауы керек.
Кедергіден секіру (конкур) даладағы ойындар аяқталған соң, келесі күні жүргізіледі. Бұл – жылқы мен шабандозды тексерудің ең соңғы, әрі қиын сатыларының бірі. Конкур арнайы жасалған алаңқайда, не болмаса, манеж алаңында жылдам жиналатын кедергілер орналастыру арқылы жүргізіледі. Кедергіден секірген жылқының денесі тиісімен кедергі тез бұзылады. Жарыстың классына қарай жылқы 15 кедергіден секіреді, оның 12-сі тез бұзылатын. Кедергінің биіктігі 120 см жетеді, ені- төменгі жағынан 3,5 м. Шабандоз жүру тәртібін сақтап, тек сызба көрсетілген ретпен ғана кедергілерден секіруі керек. Өту уақытын асырса, жылқысын көндіре алмаса, кедергілерді қағып, құлатса, жылқы, не шабандоз құласа, айып балл тағайындалады. Үш күнгі жарыс қорытындысы бойынша ең төменгі балл жинаған спортшы жарыс жеңімпазы болып саналады.
Аттың классикалық түрлерінің ішіндегі ең көп тараған түрі – кедергілерден секіру (конкур). Болашақ ат спортшылары міндетті түрде кедергіден секіруге үйренеді және конкурдан бірінші спорттық разряд нормасын орындау үшін жарысады. Ат спортшысы кедергіден секіруді бірінші жыл үйренуі, жылдың соңында жарысқа қатысатын болуы керек.
at sporty4Кедергіден секіруге үйрету үшін жарыс өткізушілер алдымен, жарыс өтетін жерді таңдайды. Әдетте, қыста жарысты манежде, ал жазда – конкур алаңында – тегіс көк шөбі бар 100 x 150 м алаңда өткізеді. Алаңды міндетті түрде қоршау керек. Конкурға керек кедергілерді табу онша қиын емес, ағаштар, сырғауылдар, шлагбаумдар, арнайы егілген тал ағаштар, тік ағаштар, т.б. карайды.
Кедергілер конкур алаңына арнайы ретпен қойылады. Ол күні бұрын жасалған жүру сызбаға байланысты және қатысушыларға жарыс 1 сағат басталмас бұрын беріледі. Егер сызбада жүріп өту реті тура көрсетілсе, онда жүргізуші дәл сол көрсетілген ретпен ғана жүруі керек. Егер сілтеме де (стрелка) арқылы тек жүру реті ғана көрсетілсе, онда шабандоз қандай жүру ретін дұрыс деп есептесе сонымен жүруге құқығы бар, бірақ барлық қойылған кедергілерді, көрсетілген нөмір ретімен таза өтуі тиіс.
Шабандозға жүру жолын тез білуі үшін, әрбір кедергінің оң жағында нөмірлер жазылады, ал екі шетінде: оң жағында- қызыл, сол жағында ақ түсті жалауша бар болады. Кедергілер жоғарғы биіктік, жалпақ және жалпақты биікті болып үшке бөлінеді.
Дегенмен, жолды өту ретіне қарай, бір біріне жақын, 7-11 м жерде тұратын бірнеше кедергі қатарымен кездесуі мүмкін. Ал конкур алаңында, жолда ені 3-5 м болатын суға толы шұңқырлар кездеседі.
Кедергі саны, мөлшері және олардың түрлері қатынасатын спортшылар дәрежесіне қарай болады. Конкурды шабандоздардың дайындық ретіне ескере отырып, оларға оңайлатылған, орташа, қиындатылған және жоғарғы түрлерін өткізуге болады.
Манежге жарыс басталмас бұрын 1 сағат уақыт қалғанда келуі керек. Дәл осы уақыттан бастап, шабандозға конкур алаңына барып, өз көзімен кедергілермен, жүру ретімен асықпай танысуына болады. Жүріп өту уақыты да сол жерде төрешілер арқылы таныстырылады.
Шабандоз арнайы киімімен, бірақ атсыз, бір кедергіден екіншісіне барып, тоқтап, қарап, алаңмен танысады. Оған жүру ретін дұрыстап: қандай жерде, қалай бұрылатынын, жылқыны қашан тарта ұстауы керек екенін және кедергіге қалай жақындап баруын бұғып алуы керек.
Төрешілер алқасы өздеріне арналған орынға жайғасқан соң, алаңға қолдарында жалауы бар төрешілер шығады. Оның біреуі жарыстың басталатын, ал екіншісі аяқталатын жерінде тұрады.
Жарысқа бірінші түсетін спортшылар, арнайы жасалған алаңқайда, 2-5 кедергіден секіріп аттарын дайындайды. Бұнда әрқайсысы кезекпен, тек бір бетке қарай ғана секіреді. Осы тәртіпті ұстамаған спортшы төрешілер алқасының шешімімен жарыстан алынып тасталуы мүмкін.
Радио арқылы жүргізуші бірінші шығатын спортшының аты-жөнін, жылқының атын, қай қоғамнан екенін таныстырып, көрермендерге хабарлайды. Бұл кезде көрермендер тынышталуы керек: оларға айғайлап, шулауға, алаңның жанында әрі-бері қозғалуға тиым салынады. Бұл ретте шошып кеткен жылқы, кейін жарыс кезінде қателесуі мүмкін. Өзінің арнайы киімін киген спортшы алаңға шығып, өзіне ыңғайлы жерге, төрешілер алқасына бетін қарата бұрылып, бас киімін шешіп, оларға басын иіп, тағзым етеді,соңынан бас киімін қайта киеді. Қоңырау сыңғыры естіледі. Спортшы атын шоқырақтата жүрісті бастайтын жерге жақындайды. Ол жердегі тұрған төреші жалауын көтереді. Қоңырау дауысын естісімен спортшы жүрісті бастайтын жерді (старт) 60 секунд ішінде өтуі керек. Жылқының кеудесі сол жерден өте бере төреші жалауды түсіреді. Осы кезден бастап уақытты қадағалайтын төреші – секундометр уақытын қосады.
…Кедергіні қаққан жағдайда шабандоз 4 айып баллын алады. Келесіде жылқы кеудесімен секірмей-ақ кедергіні құлатып кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда ұзақ қоңырау естіледі. Осы кезде төрешілер қосымша секунд қосып, құлаған кедергіні қалпына келтірген уақытты қосымша есептейді. Төрешілер қосымша 3 айып баллды кедергіні құлатқаны үшін береді.
Тағы қоңырау сыңғыры, секундомерлер қосылады да, шабандоз ол кедергіден өтіп, келесісіне жақындайды.
Жылқы жүретін жолдың ізін (мәре) кеудесімен қиып өтісімен төреші жалауын түсіреді.
Соңында радио арқылы көрермендерге жүріп өткен уақытын хабарлайды. Айып баллдарды мына ретте: кедергіні құлатқаны үшін 4 , жылқынан мойнынан түсіп қалғаны үшін 3, және уақытты артық пайдаланғаны үшін 2; уақытты асырғаны үшін әрбір секундқа 0,25 айып балл тағайындалады. Егер жылқыны кедергіден секіруге спортшы үш рет қатарынан көндіре алмаса, оны жарыстан шығарады.
Егер шабандоз бір кедергіні қағып кетіп немесе оны бір жағына бұрып тастаса, ол үшін 3 балл айып беріледі. Қатар тұрған үш кедергінің екеуінен оңай өтіп, үшіншісінің алдына келіп тоқтай қалды. Бұл жағдайда бір кедергіні секірмегені үшін, айып балл алып, қайтадан үш кедергінің барлығын өтуі керек.
Шабандоз қателесті деп есептеледі. Жылқы кедергіден бұрылып кетсе, егер жылқы кедергіден секірмей, не болмаса, тұрып қалып, содан соң секіруді қайталау үшін жасалған болса, ондай бұрылыс (вольт) қате болып есептелмейді.
Сондай-ақ, ол қатарынан үш рет жылқыны секіруге көндіре алмаса, ол 60 секунд бойына ырыққа көнбесе (жылқы екі аяғымен аспанға секіреді, тоқтай қалады, алаңды айнала шабады), құлаған кедергіден секіріп өтсе шабандозды жарыстан шеттетіледі.
Сонымен қатар егер жарысты бастауға шақырған соң 60 секунд бойына шықпаса, жарыс алаңына келмесе және одан жаяу кетіп қалса, төрешінің тоқтатқанына қарамай жылқыны тоқтатпаса төрешілер алқасының шешімімен жүргізуші жарыстан босатылады. Қай шабандоз ең аз айып балл алса, сол жеңімпаз болады. Егер екі, немесе үш спортшылардың айып баллдары тең болса, онда олардың арасынан күні бұрын келісілген кедергілермен, жолдар арқылы «қайта секіру» жүргізіледі.

Жұмақанов Н., «ҰҒТАО» АҚ қызметкері
hippology.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!