Көкпар ережесіне өзгеріс еңгізілді: Серке шеңберге тасталады

6553

ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы «Көкпар» ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңесте халықаралық талаптарға сай көкпар ойынының бұған дейінгі қолданыста болған ережелеріне бірқатар өзгертулер еңгізілді.

Семинар барысында алдағы жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме барысында көкпардан Әлем чемпионаты өтетіні белгілі болды.

«Осы Әлем чемпионатын ұйымдастыруға даярлық мақсатында қауымдастық халықаралық семинар-кеңес өткізіп, оған көкпар және осыған ұқсас ойындармен айналысатын мемлекеттердің ұлттық спорт мамандарын шақыруды жөн көрді. Бұл семинар-кеңесте қаралатын басты тақырып – көкпар спорты ережесіне жаңа толықтырулар енгізіп, шетелдік мамандардың келісімімен бекіту» — дейді қауымдастық Президенті Бекболат Тілеухан.

Оның айтуына қарағанда көкпар ойынына енгізілетін жаңалықтың бірі – көкпар серкесін бұрынғыдай қазандыққа емес, шеңберге тастап ойнау.

«Мұның себебі, бұған дейінгі көкпар бәсекелерінде көкпаршылардың қатты жарақат алуы мен аттардың мертігуі негізінен осы қазандық айналасындағы теке-тірестер кезінде орын алған. Сондай-ақ, ірі бәскелерде қазақ пен қырғыздан өзге ел көкпаршыларының серкені қазандыққа дәл тастауы өте қиын. Бұл кейіннен халықаралық мамандардың назарын аудартқан мәселе болды» — дейді Бекболат Қанайұлы.

Көкпарды қазандықсыз ойнаудың алғашқы ұсынысы негізінен сол басқа мемлекеттер мамандарынан түскен. Семинар-кеңеске Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан сынды көптеген мемлекеттердің ұлттық спорт мамандары арнайы қатысты. Көкпар ойынының бұдан былай қазандықсыз ойналуына семинарға қатысқан мемлекет өкілдері бір ауыздан келісті. Қазандықтың орнына шеңберге тасталатын болады серке.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!