Алматыда «Ұлы дала ойындары» өтті

4652

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі өтті. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында биыл үшінші мәрте ту көтерген бұл фестивалдің жалпы жүлде қоры 18 млн теңге болды.  Алматының ипподромында өткен аталмыш дәстүрлі фестивальге еліміздің әр облысынан келген спортшылар қатысып, аламан бәйге және қысқа қашықтықтағы ат жарысы, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан бақ сынады.   Отан корғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала ойындары»  барысында фестиваль көрермендері бишілер, әншілер және каскадерлардың өнеріне куә болып, артынша өнер бұйымдары көрмесін тамашалап, саятшылардың құстарымен, аңшылыққа шығатын тазы иттермен таныс болды. Сонымен қатар, тамашалаушылардың өздері тоғызқұмалақ ойнап, асық атып, қошқар көтеру мен бағанаға шығудан сайысқа түсті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.

uly-dala2

Жарыс қорытындысы бойынша, аударыспақтан өз салмақтарында Азат Жұмаділов (60 кг), Дәулет Ережепбаев (70 кг), Мейірбек Ілембай (80 кг), Түймебек Жұмалиев (+90 кг) жеңімпаз атанды.

Қыз қуу ойынында уақыт бойынша жеңген Марлен Қанат пен Рамина Дидар жұбы.

Теңге ілуден Ернат Мәлімбай үздік атанды.

Жамбы атудан мергендік танытқан Саян Қыстаубаев болды.

Бәйге жарысында, ұшқыр бәйге (1000 м) жеңімпазы «Мандарин» атты жүйрік, иесі Әмірқұлов.

uly-dala

21 шақырымдық аламан бәйгеде алдына қара салмаған «Аманат» атты сәйгүліктің иесі Ұлан Омаровқа ең жоғары сыйлық — 5 млн теңге бұйырды.

Жорға бәйгеде (7 км) бірінші келген «Көкжайлау» — Тұрсын Сабазбеков, ал, құнан бәйгеде (9 км) «Болашақ» — иесі Дінмұхамет Асқарұлы.

Фестивальда көкпар ойынын да қонақтар қызыға тамашалады. Тартысты додада жаңадан құрылған Алматы қаласы құрамасын қосқанда төрт команда қатысып, алматылықтар жеңімпаз атанды. Олар Астана қаласын финалдық ойында 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орынды Жамбыл облысының көкпаршылары иеленді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!