Дүниежүзілік көшпенділер ойынында еліміз көкпаршылары жартылай финалға шықты

3633

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мен Ресей құрамалары Қырғызстанда өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Жалпы додада төрт топқа бөлінген 12 команда бақ сынасты. Ал жартылай финалға өз тобында үздік болған командалар шықты.

Сонымен, Өзбекстан өз тобында әуелі башқұрт жігіттерін 9:1 есебімен жер соқтырса, екінші жолы француз жігіттерді 19:6 есебімен ұтты.

Ал еліміздің сайыпқырандары әуелі Ресейдің Красноярсктен келген азаматтарын 15:3 есебімен ұтса, екінші ойында АҚШ-тың алпауыттарын 20:9 есебімен жолдан алып тастады.

Ал өз топтары бойынша үздік шыққан Қырғызстан құрама командасы мен ресейлік Мәскеу командасы жартылай финалдың жалына жармасты.

Ал командалар арасындағы төрт топ мынадай ретпен құрылған болатын:

А тобы: Қырғызстан, Алтай, Моңголия,

В тобы: Мәскеу, Қытай, Ауғаныстан,

С тобы: Қазакстан, АҚШ, Красноярск,

D тобы: Башқұртстан, Франция, Өзбекстан.

Естеріңізге сала кетейік, әзірге Қазақстан 9 алтын, 9 күміс, 14 қола медальмен алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

argymaq.kz, фото: worldnomadgames.com

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!