Көшпенділер ойындары: Қазақстандық көкпаршылар үшінші орын алды

2651

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық көкпаршылар үшінші орын алды.

Жартылай финалда Өзбекстан құрамасына есе жіберген жерлестеріміз үшінші орын үшін тартыста ресейлік Мәскеу құрамасын ойсырата ұтты.

Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ 9:0 есебімен мәскеуліктерді есеңгіретіп тастаған біздің жігіттер, екінші бөлім аяқталғанда есепті 17:1-ге бірақ шығарды.

Сонымен жерлестеріміз ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қола жүлдемен аяқтады.

Ал дәл қазіргі сәтте финалдық кездесу Қырғызстан мен Өзбекстан арасында өтіп жатыр.

Фото: worldnomadgames.com

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!