Ақтөбелік жігіт балаларды иппотерапиямен тегін емдеп жүр

2116

Ақтөбелік жас жігіт церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен емдейді.

 Рахат Бақдәулетовтің өз ісін ашудағы қадамы әлеуметтік желілерде жарнама таратудан басталған. Осылайша ол миллионға татитын мүмкіндік туралы, грант, оқу мен ай сайынғы шәкіртақы туралы біледі.

Жобаның арқасында жас жігіт Ойыл ауылында тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оңалту үшін иппотерапия орталығын ашты. Сонымен бірге ерекше балаларды емдеу – тегін.

WhatsApp Image

Жылқылар тұрған аула жергілікті емхананың аумағында орналасқан. Кішкентай емделушілердің «дәрігерлері» – Рахат сатып алған екі жылқы. Рахаттың өзі бұрынғы жұмысын тастамаған, ол әлі де дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. «Неге жылқылар» деген сұраққа жас жігіт: «бұл қазақтың қанында бар» деп күліп жауап береді.

Бүгінде иппотерапия оратлығына жиырма ерекше бала барып жүр. Ауылда 24 жасар жігіттің қайырымдылығы жайлы бәрі біледі. Бірақ ол атақтың қажет еместігін, тек қолынан келетін істі ғана жасап жатқанын айтады.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тағы да оқыңыз...

error: Content is protected !!