Катонқарағайда қымызбен емдеу орталығы ашылады

2280

Алтай атауын еншілеген ерекше шипажай Катонқарағай ауылындағы аудандық аурухананың базасында орналасады. Бұл жағымды жаңалық ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтылды.

Шығыс Қазақстан туризм саласын, оның ішінде медициналық туризмді дамытуға жіті көңіл бөліп отыр. Бүгінгі таңда Катонқарағай аудандық ауруханасы базасында «Алтай» шипажайын ұйымдастыру қолға алынған. Осы жерде халықтық медицина, шөппен емдеу, қымызбен емдеу, батпақпен емдеу кабинеттері қызмет көрсетпек. Сонымен қатар, осы шипажайда оңалту бөлімін ашу да жоспарда бар.

Жаңа шипажай үш жұлдызды стандартқа сәйкес болмақ, жоба бойынша мұнда бір мезетте 90 адамға дейін емделе алады.

altaynews.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!