Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар. Ашамайға мінгізу

18937

Ашамайға мінгізу

Ер бала үш жасқа толысымен, атқа ашамай салып, үстіне мінгізіп үйрете бастайды. Ашамай – атқа баланы үйрету үшін арнайы істелген ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы, екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнында текпіншек қолданылады. Текпішек – киізден тігілген шағын ат қоржын. Текпішек сәнді болу үшін оның екі беті кестеленіп, шүберекпен тысталады. Ашамайдың тағы бір құрамды бөлігі – қолтырмаш. Қолтырмаш – ашамайдың алдыңғы қасы мен артқы қасын қосып тұратын жіңішке сүйеніш ағаш. Баланы атқа мінгізетін күні ауыл адамдары түгел жиналады. zeLsnjtnAt8Аттың жал-құйрығына, бастан-аяқ жаңа киім киген баланың бас киіміне, шапанының арқасына шоқтап үкі тағылады. «Үкі – жын-шайтаннан қағатын құс» деп қазақта ерекше қастерленеді. Баланың мінетін атына да салмақты шарт қойылатын. Ол әрі жуас, әрі жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан болуы керек. Әсіресе, ол аттың жас шамасы баланың өзімен шамалас құнан не дөнен болуы есте сақталатын. Бұл кезде балаға аталған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізетін. Баланы атқа мінгізу сыбағасы шабандоз, саңлақ жігіттердің бірінің үлесіне тиетін. Баланы атқа мінгізіп, аяғын тепкішекке сұғып, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай етіп тартып таңады. Осы тұста той-думанға жиналған топтың ішінен біреу шығып:
Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын,
Жас бала жол үстінде болдырмасын, — деп дауыстайды. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ақсақақ былайша бата береді:
Асқар-асқар таудан өт,
Ағыны қатты судан өт.
Ит тұмсығы батпайтын,
Іргесі бітеу нудан өт.
Айдын-шалқыр көлден өт,
Жеті ықылым елден өт,
Құс қанатын талдырған,
Қу мекиен шөлден өт.
Жолсыз жерде жол баста,
Жаугерлік болса қол баста,
Сәйгүлігің сай болсын,
Тілегенім осы әубаста
Әумин, аллаһу акбар!
Атқа мінгенде берілетін батаның тағы бір түрі мынадай болып келеді.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын.
Маңдайың ашық болсын,
Бәлекетің қашық болсын.
Аллаһу акбар!
OLYMPUS DIGITAL CAMERAБата беріліп болған соң, баланың сол қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады. Шашу шашылып, тілектер айтылады. Шашу шашқандарға баланың ата-анасы, туыстары бір-бір жаулық береді. Баланы атқа мінгізген жігіт көрші-қолаң, ауылды аралатады. Бала есігінің алдына келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне тапқаны үкі, шашақ, таппағаны теңге моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде ауылға қайтып оралады. Мал сойылып, қонақ шақырылып, ат шаптырып, той қылады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Баланың атқа міну қуанышына арнаған той, бала өміріндегі тойлардың ең елеулілерінің бірі болып саналады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдына салтанатпен жүргізген.
Ашамайға мінгізіп,
Көш алдына жүргізіп,
Әжептәуір құрбының
Алдына алып сүйгізіп,
Алашқа атын білгізіп,
Ұл қызығын көрмедім, — деп Ер Сайын жырында айтылып өтеді.
Атырау өңірінде Дүйсенғали деген кісінің баланы ашамайға мінгізіп, атқа үйрету салты елден ерекше болған. «…Дүйсенғалидың баласы Жолдас 5 жасынан бастап шабандоз болып шапқан. Дүйсенғалидың баласына атқа отыруды үйрету тәжірибесі де басқаша. Өзі жылқышы болған соң әдейі арнап жасалған ашамайды ерге таңып, оған баланы отырғызып, көп жылқымен бірге айдап, атты бос жіберетін көрінеді…»
Ашамайға міну – баланың үлкен өмірге алғаш аяқ басуы, көшпенділер салтында ерекше аталып өтілгенін көреміз. К.Л.Задыхина: «Балаға жылқы атау мен атқа мінгізуді ересек өмір сатысына өту дәстүрінің өтпелі кезеңі», — дейді. Қазіргі таңдағы психологиялық зерттеулер жылқы тек мініс құралы ғана емес, баланың тәрбиешісі екенін көрсетеді. «…Үлкен жануарлар баланы тыңдайды, оған сезімталдықпен ілтипатпен қарайды, баланың алдына әлемді ашып тастайды…» Демек, ата-бабаларымыз баланы атқа үйрете отырып, жылқының да баланың қамқоршысы, тіпті екінші ата-анасы бола білетінін көрегендікпен білген.
NDVD_9Сүндетке отырғызу салты, ашамайға мінгізу дәстүріне ұқсас өтеді. Сүндетке отырғазардан бір апта бұрын баланы арнаулы сүндет атқа мінгізіп, басына үкі тағып, қанжығасына толтыра құрт-ірімшік салып, әкесі не бір жақын ағайыны ере жүріп елді аралатады. Мұны сүндет тойға шақыру дейді, тойға шақыруды баланың өзі айтады.
Ашамайға мінгенім,
Елді аралап жүргенім.
Жөн-жоралғы жөн сұрап,
Ауыл үйге кіргенім.
Ал, кәнеки көріңдер,
Көрімдігін беріңдер?
Сүндет тойға шақырам,
Бәрің тойға келіңдер.
Бала келе жатқанда ел қоржынынан бір уыс құрт-ірімшік алады да, қанжығасына, не баланың үстіне бір-екі метр мата байлайды. Елді аралап шыққанда ат пен баланың үсті түрлі-түсті шүберекке толып, әлем-жәлем болады, матаның қиындыларынан баланың басы ғана қылтиып көрінеді. Мата байлау Жетісуда жиі тараған салт, Орталық, Шығыс Қазақстанда матамен қатар күміс тиын, әшекей тағу кездеседі. Баласы атқа мінгенде ата-анасы «Балам ат тізгінін ұстап, азамат болды» деп, сүндетке отырғанда «Балам мұсылман санатына қосылды» деп санайды. Этнографиялық әдебиеттерде сүндетке отырғызу ғұрпын баланың бір өмір кезеңінен екіншісіне аяқ басуының мұсылмандырылған түрі деп түсіндіреді.

Безимени-6Ахмет Тоқтабай, «Қазақ жылқысының тарихы»
(Жалғасы бар)

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.