Ат спортына қатысты терминдер (сөздік)

10140

Автостарт – аттарды шабысқа жіберуге арналған жеке бокстан тұратын машина.
Акробатика – гимнастикалық жаттығу.
Алапман пойга — өзбек халқының бәйгесі.
Аллюр (аllure – франц.) – жылқы жүрісі.
Альвеола – сүт безі.
Америкалық мініс — Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Амуниция (франц. amunitionnement)- аттың қосымша құрал-саймандары мен жабдығы.
Анатомия (грек. anatome – кесу) – малдың дене құрылысы мен құрамы туралы ілім.
Анилин – жазықтағы ат шабыс жүлдесі.
Анорганика – жасушаның құрамы.
Апельсин – Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Арбитор – атсайыс ойынын бастаушы.
Арена (лат. аrena — құм) – гладиаторлардың атсайысын жүргізілетін алаң.
Артерия – оттегіне кенелген қан тамыры.
Ассимиляция – организмдегі затты сіңіру.
Ат чабыш — қырғыз халқының бәйге түрі.
Аукцион (лат. fuctio) – жылқы сатылымы.
Аут – атсайыс ойынындағы айып алаңы.
Балл (франц. вalle — шар) – цифрмен бағалау.
Баллотада – аллюрдің жүріс элементі.
Бандинг рес — Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Барел рейсинг — Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Бассейн – су толтырылған шұңқыр.
Берейтор (франц. voite — бұрылыс) – спортсмен-шабандоз.
Бокс – старт машинаның жеке бөлімі.
Бриджи (ағылш. breeches) – жокейдің салт міністе киетін шалбары.
Букет — Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Букмекер (ағылш. breeches) – атшабысының жеңімпазын болжау орны.
Бұзқашы – ұлттық «көкпар» атсайыс ойынын ауған халқы осылай атайды.
Бурка – Кавказ халқының сырт киімі.
Вал – конкур кедергісі.
Вегатив – нерв жүйесі.
Вестерн – шабандоз бен аттың америкалық жүріс өнері.
Вена – кенелген қан тамыры.
Вертушка – вольтижировка элементі.
Вираж (франц. virage)- шабыс бұрылысы.
Виртуоз – атсайысындағы айлакерлік амал.
Водилка – жаттықтырудағы атты жетектеу.
Вольт (франц. вolte) — аллюрдің жүрісі.
Вольтижер – вольтижировка спортсмені.
Вольтижировка (франц. вoltiger – қалықтау) — ат үстіндегі гимнастика көрсетілімі.
Гандикап — (ағылш. handikap) – жасы мен жынысына қарай өткізілетін жарыс атауы.
Гаучо — Оңтүстік Америка ковбойы.
Гранд При — ат жарысындағы жүлде атауы.
Гемоглобин – қанды қызартатын зат.
Гит – желғор жылқысының шабыс жолындағы бір айналымы (1600 м).
Гипофиз – ішкі секреция безі.
Голкипер – атсайыс ойынындағы қақпашы.
Гормон – ішкі секреция безін түзетін зат.
Грум (ағылш. groom) – атшы.
Гуйбози – Кавказ халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Guintas — ат жарысындағы жүлде атауы.
Да кю — Еуропа халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Дашвеба – Грузия халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Денник – атқора ішіндегі өжіре.
Дерби — ат жарысындағы жүлде атауы.
Дербист – Дерби жүлдесінің жеңімпазы.
Джерида – Тунис халқының ұлттық ойынының күш сынасуы немесе күресі.
Джигитовка – Ресей халқының ұлттық ойынының ат үстіндегі гимнастикасы.
Джимхана — қызықты атсайыс ойыны.
Джирити — Кавказ халқының ұлттық атсайысының ат үстіндегі гимнастикасы.
Диссимиляция – организмде зат бұзылуы.
Дистанция – атсайысындағы мәре мен сөренің аралық қашықтығы.
Доги – Грузия халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Допинг (ағылш. dopping) – шабыс атына наркотик беру.
Драгуны (франц. dragon-дракон) – кавалерия.
Драйвинг — Еуропа халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Дубль-бар (ағыл. doublt bar) – кедергі түрі.
Жердь — кедергі түрі.
Жокей (ағылш. jockeu) – мініс атының тренингісімен айналысатын маман.
Заездка – бас білдіру немесе бастықтыру.
Засека – кедергі түрі.
Зауыттық кітап – шаруашылықтағы асыл тұқымды жылқыны тіркеу кітабы.
Зга – орыс трйкасындағы ат доғасының ортасына ілінген сақина.
Зигота — жыныс жасушаларының қосылуы.
Импульс (лат. impulsus – итеру) – аттың мәнерлі жүрісін бағалаудағы түсінік.
Интерьер (франц. interieur — ішкі) – малдың ішкі құрылысы туралы ілім.
Иппотерапия (грек тіліндегі hippos – ат) — атпен салт жүру арқылы емделу.
Ипподром (грек тіліндегі hippos – ат, dromos — жүгіру) – ат спортының шабыс жарыстары өткізілітін құрылыс кешені.
Иппология (грек. hippos – жылқы, logos – ілім) — жылқы түлігін зерттейтін ілім.
Исинди – Грузия халқының ұлттық ойынындағы нысанаға найза лақтыру.
Кабахи — Грузия халқының ұлттық ойынындағы нысанаға найза лақтыру.
Кавалерия (франц. cavalerio) – атты әскер.
Кавалетти (итал. cabaletti) – кедергі түрі.
Кавалькада (франц. cavalcade) — салт аттылар тобы.
Кадриль – фигура ауыстыру, бір топ спортсменнен құрылған көрсетілім.
Калабашка — кедергі түрі.
Камзол (нем. kamisol)- жокей мен шабандоздың костюм үлгісі.
Капилляр – ұсақ қан тамырлары.
Капор – аттың басы мен мойын жабуы.
Каприоль (итал. capriole – ешкі) – аттың мәнерлі жүрісінің элементі.
Капцун (нем. kappzaum) – корд шылбыры.
Картуз – шабандоздың бас киімі.
Карусель (франц. carroustl) — рыцарлар турниры мен ат үстіндегі гимнастикасы.
Каухайд — Еуропа халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Карьер – жылқының қатты шабысы.
Каштаны – жылқы тізесінің ішкі жағына орналасқан беріш тәрізді сүйел қабаты.
Качалка – қос доңғалақты жеңіл арба.
Кветерхос — родеоға арнайы шығарылған жылқы тұқымы.
Кентер – спорт атының шоқырақ шабысы.
Клавиша – 3-4 сырғауыл ілінген кедергі.
Класс – ат ойнындағы сапа көрсеткіші.
Классификация – жіктеу.
Клетка – жасуша.
Клюшка – ойын добын ұратын таяқша.
Ковбой (ағылш. cowboy, cow –корова, boj — жігіт) — Америкадағы сиыр бақташысы.
Конкур (франц.concours hippigue) – ат спорты кәсіби түріндегі кедергіден қарғуы.
Конституция (франц. сопexterieur – сыртқы типі) – малдың сырт тұлғасының типі.
Корд – аттың ұзын шылбырынан ұстап жүріс түріне жаттықтыру және үйрету.
Коренник – орыс тройкасының үштік жегісіндегі ортаға жегілген ат.
Корзина – Латвия халқының қызықты ұлттық атсайыс ойыны.
Коррида – Португалия мен Испаниядағы тореадорлардың бұқашықты құрықтауы.
Критериум — ат жарысындағы жүлде атауы.
Кросс (ағылш. kross) – үш сайыстағы далада сынаудағы аттың кедергіден өту шабысы
Кроссинг (ағылш. krossing)- жүлде жарысындағы арттағы аттың жолын кесу.
Крупада – аллюрдің жүріс элементі.
Кубок — ат жарысында берілетін жүлде.
Курбет – аллюрдің жүріс элементі.
Кюр – бір спортсмен-шабандозға арналған бәсекелестік ерікті жарысы.
Лам – Осетия халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Лассо (франц. lasso) – Америка ковбойының ұзындығы 30 м шалма арқаны.
Левада – шаруашылықтағы қоршалған табиғи жайылым.
Лейкоцит – қан құрамы.
Лело – Грузия халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Лига – ат турнирі.
Лоза – Ресей және Кавказ халқының қылышпен нысана кесу ойыны.
Лойна — ат жарысындағы жүлде атауы.
Маканахах – Армения халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Маммона — ат жарысындағы жүлде атауы.
Марафон – атсайыстың далада өткізілетін пәуескеге жегілген аттардың жарысы.
Марула – Грузия халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Мах – желғордың еркін кең желісі.
Маршрут (франц. marcht — жүріс және route – жол) – атсайысы өтетін қозғалыс жолы.
Миля — ат жарысындағы жүлде атауы.
Мкердаоба – Грузия халқының ұлттық ойынының күш сынасуы немесе күресі.
Мокнева – Грузия халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Мтидан дашвеба – Кавказ халқының ұлттық ойынының шабыс жарысы.
Мустанг (ағыл. mystang) – Америкадағы жабайыланып кеткен үй жылқысы.
Наездник – шабандоз.
Низаки нетум – Орта Азия халқының нысанаға найза лақтыру ойыны.
Норфольск – Англияда шығарылған бұрынғы желғор жылқысы.
Оазис – түркмен халқының шөл аймағы.
ОАКS — ат жарысындағы жүлде атауы.
Овуляция – жетілген фолликулла жарылғанда пайда болады.
Оксер (ағыл. oxer) — кедергі түрі.
Орган – организм мүшесі.
Органика – жасуша құрамына кіретін зат.
Па-де-де (франц. pas de deux) – 2 спортсмен шабандоздың ерікті жарыс комбинациясы.
Па-де-труа (франц. pas de trois) –3 спортсмен шабандоздың ерікті жарыс комбинациясы.
Па-де-катр (франц. pas de gustre) – төрт шабандозға ерікті жарыс комбинациясы.
Паддок – қоршалған табиғи жайылым.
Палео – Италия халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Палео Сиена — палео ұлттық атсайысының ойыны өтетін Италияның қаласы.
Палисад (франц. palissfde) – кедергі түрі.
Пассаж (франц. passage) – жүріс элементі.
Паркур – конкур кедергісінің түрі.
Парфорс (франц. par force – күш) – Англия халқының аңшылық ат саятшылығы.
Пассаж (франц. passagde) — аттың мәнерлі жүрісіндегі күрделі элементі.
Пато –Еуропа халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Пезада — (франц. pеsade) — жүріс элементі.
Пейс (ағылш. paсе – жылдамдық ) — атсайысы жарысындағы бір топтың жылдамдығы.
Пенальти – атсайыс ойын тәртібін бұзу.
Песняр – желғорға арналған жүлде атауы.
Пирамида (грек. рeramis) – фигура элементі.
Пиаффе (франц. piaffer — аяқ биі) — аллюрде орындалатын жүріс элементі.
Пируэт (франц. pirouette) — жүріс элементі.
Плазма — қан құрамы.
Поддок поло — Еуропа халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Поло (шөген — қазақша) — Еуропа халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Поло-стек – атсайыста доп ұратын таяқша.
Пони – тапал жылқы.
Почта — Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Приз (франц. prіх — баға) – жүлде.
При – купль (франц. prіх – жүлде және couple — жұп) – ер мен әйел жұбының атсайысы.
Пробег – Ресей халқының атжортылуы, тәулікке, шыдамдылыққы, жылдамдыққа.
Протоплазма – ядроны қоршаған сұйық.
Пугибол — Еуропа халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Пульс ( лат. pulsus – соғу) — жүрек қағысының жиырылуы.
Пушбол (ағыл. pushball) – Венгрия халқының ұлттық доп ойыны.
Ради — Кавказ халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Радрабагани – Кавказ халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Райдингтерапия (ағыл. «ride») — атпен салт жүру емін қолдану тәсілі.
Размашка – желғорға еркін көсілте желуі.
Ранверс – классикалық жүріс элементі.
Ранжир (франц. panger – сапқа тұру ) — жүріс элементінің аллюрі.
Редингот (франц. redingote – сюртук) – атқа салт міністе жокей киетін сюртук.
Рекорд – шабыстағы аттың жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші.
Рефлекс –организмнің шартты немесе шартсыз қалыптасуының жауап әрекеті.
Реприз (франц. reprise – қайталау) – желғордың жаттықтыруды қайталауы.
Ритм – аттың кедергіден қарғу фазасы.
Родео (испан. rodeo) – ковбойдың асау аттың үстіндегі отыру атсайыс ойыны.
Роза — Еуропа халқының әр түрлі қызықты ұлттық атсайыс ойыны.
Рыцарь (нем. riter – салт атты) – ауыр қару-жарақпен қаруланған жауынгер.
Санк Георг – кіші жүлдеге берілетін кубоктың халықаралық атауы.
Секреция – без.
Сент Леджер (ағылш. Si – Leger) – Англияда ат шабысына берілетін жүлде.
Серпантин (франц. serpentin және лат. serpent — жылан) — манеж фигурасының элементі.
Скри джоринг (норв. skijoring) – Норвегия халық ойынының атшаңғы жарысы.
Скиф – ежелгі халық.
Скоринг (норв. skijoring) – Норвегия халқы сайысының атшаңғы жарысы.
Сперматозойд – еркектік жыныс жасуша.
Спринтер — ат жарысындағы жүлде атауы.
Стайер (ағылш. stayer) – қашықтық жарысы.
Старт (ағылш. Start) – мәре.
Стартер (ағылш. Starter) – аттың шабыстың жылдамдығын өлшеуші.
Стандартбред (ағыл. «standardred» стандартқа жауап беретін) — желғордың желіп шабуға немесе жорғалауға қабілеті.
Стипль–чез — (ағылш. Steele – қоңыраулату және chase — қуғын) – мініс жылқысының атсайыс жарысының күрделі түрі.
Стек (ағылш. Stіек) – ұзын таяқша (бишік).
Сыворотка – белогы жоқ қан плазмасы.
Сюртук (франц. redingote – пиджак) – атқа салт міністе жокейдің киетін костюмі.
Сюр папах – Әзірбайжан халқының ұлттық атсайысының қуып жету және жеткізбеуі.
Таксис (грек. taxis) — кедергі түрі.
Тарчия – Грузия халқының ұлттық атсайыс ойынының қуып жету және жеткізбеуі.
Тент пегги — Еуропа халқының ұлттық ойынының нысанаға найза лақтыруы.
Типология – нерв жүйесінің ерекшелігі.
Ткань – ұлпа.
Тодоров – Болгарияда өткізілетін атқа арналған мейрам күні.
Тотализатор (франц. totalisateur) – шабыс атының жеңімпазына ақша тігіп ойнау.
Тореадор – Испания мен Португалиядағы коррида атсайысына қатысатын шабандоз.
Траверс (франц. traverse – көлденең) – аттың бүйірімен жүрісіндегі аллюр элементі.
Трасса (франц. trace) – стипь-чез кәсіби атсайысының жарысы өткізілетін жол.
Тренинг (франц. training) – спорт жылқысын жаттықтыру, жарату, баптау және үйрету.
Тренер (франц. training) – ат жаратушы бапкер, жаттықтырушы немесе үйретуші.
Трибуна (франц. tribune) – атшабысын тамашалайтын көрермен отыратын орын.
Трипль бар (грек. рeramis) – кедергі түрі.
Трокяс — аттың қарнын тартатын тартпа.
Тромбоцит — қан құрамы.
Трот – желғордың баяу қысқа желісі.
Турнир (нем. turnier)- атшабыс жарысы.
Ұлақ — Өзбек пен Түрікмен халқы «көкпар» ойынын осылай атайды.
Упор –вольтижировка элементі.
Фаворит — ат жарысындағы жүлде атауы.
Фаза – аттың кедергіден қарғу кезеңі.
Фалисад — кедергі түрі.
Фантазия – Марокка халқының ұлттық атсайыс ойынының шабыс жарысы.
Фация – шандыр.
Фенондоскоп – жүрек қағысының пульсын өлшейтін құрал.
Фигура ауысуы – кадриль, бір топ спортсменнен құрылған көрсетілім.
Физиология — организмдегі тіршілік процесіндегі жүйелер жиынтығы.
Финиш – сөре.
Фляйер – қашықтықтың ат жарысы.
Фолликула – аналық бездің көпіршігі.
Фриз – Фрисляндиядағы жылқы тұқымы.
Фрисландия – Нидерландияның бөлігі.
Фут – өлшем бірлігі.
Хердель — кедергі түрі.
Хорсбол — Еуропа халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Цхенбурти – Грузия халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Чавганбози — Кавказ халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Чавгани — Кавказ халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Чехва – Кавказ халқының ұлттық ойынының қылышпен нысана кесуі.
Човган — Әзірбайжан халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Чонанбурти – Грузия халқының ұлттық атсайысының доп ойыны.
Чопанахах – Армян халқының күш сынасуы немесе күрес ойыны.
Шпрингартен (нем. spring– секіру және garten-бақ) — қоршалған кедергілер жолы.
Шукка – поло атсайыс ойынының кезеңі.
Экстерьер (exterieur – сыртқы, франц.) – мал тұлғасының сырт пішіні.
Элита — ат жарысындағы жүлде атауы.
Эпителий – ұлпаның сыртқы қабаты.
Эпифиз – ішкі секреция безі.
Эритроцит — қан құрамы.
Эспадрон – ұлттық атсайыс ойынында пайдаланатын өтпейтін доғал алдаспан.
Эстафета — Еуропа халқының әр түрлі қызықты атсайыс ойыны.
Юниор поло — Еуропа халқының пониға мініп жеткіншектер ойнайтын поло.
Ярд – өлшем бірлігі.

Дайындаған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің
қауымдастырылған профессоры, ауыл
шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
доцент Исхан Қайрат Жәлелұлы
argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.