Әкім кубогі Байрамуковтың жүйрігіне бұйырды (ФОТО)

4021

«Алматы» ипподромында бәйге жарыстарының биылғы маусымы аяқталды. Бағдарлама бойынша шабандоздар 1600, 1800, 3000, 4000 метрлік қашықтықтарда ұшқыр бәйгеде және 22 шақырым аламан, 12 шақырымдық құнан бәйгеде бақ сынады.

4000 метрлік қашықтықтағы ұшқыр бәйгеде Алматы қаласы әкімінің кубогында («Халықтар достығы жеңімпазы») ағылшын тұқымды сәйгүліктері сайысқа түсіп, бірінші орынды еркін күрестен Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуковтың аты иеленді.

«Зубаирдың» шабандозы (жокейі) 45 жыл ат спортымен айналысып келе жатқан Геннадий Геннадиевич өз сезімімен бөлісті.

«Мен 1971-ші жылдан бастап ат спортымен айналысып келемін. Көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Бүгінгі жеңісіме ризамын. Алдағы уақытта да әлі қатысамын деген ойдамын», — дейді шабандоз.

Сонымен қатар, «Күз жеңімпазы» — 1600 метр (таза қанды ағылшын тұқымды 2 жасар байталдар) — Старых В.Н. есімді азаматтың «Неантея» атты байталы алды. Бапкері — Исаков Геннадий, шабандозы Күрішбек Дидарбек

«Күз жеңімпазы» — 1600 метр (таза қанды ағылшын тұқымды 2 жасар құнандар) – Орынбаев Беріктің «Фитзи мун» атты сәйгүлігі топ жарды. Бапкері — Суджаят Караев, шабандозы — Юлдашев Руслан.

Ал 22 шақырымдық аламан бәйгеде «Верный» есімді сәйгүлік топ жарды. Әкім кубогі мен 7 млн теңгені қанжығасына байлаған жүйрік «Нұр-Ай» жылқы шаруашылығына тиесілі. Бапкері Ержан Ақтасов, шабандозы Айтбек Байышұлы.

Одан бөлек, көптеген ат спортын сүйер қауым 3000 метрлік «Қазақстандық Сент-Леджер», 1800 метрлік «Бәйге маусымының жеңімпазы», 7 шақырымдық Жорға жарыс, 12 шақырымдық Құнан бәйгені тамашалады.

Бұл жарыс Алматы қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Алматы қалалық «Ат бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін «Алматы» ипподромында өтті.

argymaq.kz

Фотолар: Алматы ипподромының ВК парақшасынан алынды

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.