«Саржалдың» сары қымызы сұранысқа ие

5119

Абай ауданының «Жарылғасын» шаруа қожалығы 22 млн теңгеге Қытай және Ресейден заманауи қондырғы алып, қымыз өндірісімен айналысып келеді. Күніне 1 500 л қымыз өндіретін қожалық өнімі Қарағанды, Астана қалаларында үлкен сұранысқа ие. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Аталған шаруа қожалық шикізатты өзінің жылқы табынынан және жергілікті шаруашылықтардан алып отыр.
– Аудандағы шаруа қожалықтар заманауи қондырғылар алып, қымызды өңдеп, арнайы сауытқа құйып, сауда белгісі арқылы сатылымға шығаруда, – деді аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.
Жалпы Абай ауданы ауыл шаруашылығы саласында оң көрсеткішке ие болып отыр. Атап айтар болсақ, жыл басынан 16 527 мың тонна ет, 23 224,7 мың тонна сүт және 889,2 мың дана жұмыртқа өндірген.

Шын.кз

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.