Моңғолияда қазақстандық актерлер ойнаған жылқы туралы көркем фильм жарыққа шықты (ФОТО/ВИДЕО)

Hiimor

Моңғолия, Қазақстан, Америка, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінің актерлері бірлесіп ойнаған, моңғолиялық режиссер Г.Эрднэбилэгтің “Хийморь” (Тұлпар серті) фильмі 2018 жылы түсірілген болатын. Елімізге танымал Айдос Бектемір, Нұрлан Әлімжанов, Ақниет Беласарова қатарлы әртістер ойнаған бұл фильм 2019 жылы 5 қаңтарда Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында таныстырылды.

“Хийморь” фильмі Моңолияның мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ч.Лхамсүрэннің “Күрең ат” поэмасының негізінде түсірілді. Бұл поэма қазақ тіліне аударылып, Моңғолиядағы қазақ мектептерінде оқытылады.

Еліміздің танымал әртістері бұл фильмде Моңғолияда тұратын қазақ малшыларының рөлін сомдаған. Картинадағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін суреттейтін көріністері Баян-Өлгей аймағының ең бір көрікті, шұрайлы жері – Цэнгэл ауданының Сырғалы жайлауында түсірілген.

Фильм желісі жылқының жершілдігі, оның туған жерге деген сағынышы, туған жерге жету жолында ешбір кедергіге қарамастан оқ пен оттың ортасынан аман шыққандығы туралы болады. Бұл фильмде Моңғолиядан Вьетнамға атты әскерге апарған күрең аттың Моңғолияға қайта оралуы, оның жол бойы шеккен азабы суреттеледі.

Төмендегі видеода кино түсіру барысындағы қиындықтар мен қызықтар, кино сюжетінен үзіктер көрсетілген.

 Фото/видео Хийморь УСК/The Steed парақшасынан алынды.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>