Жылқы организміндегі тұз алмасу

tuz

Минералды заттар алмасуы. Электролиттердің организм мен қоршаған орта арасында таралуын қамтамасыз ететін процесстер жиынтығын тұздар алмасуы дейді. Бұл процес ішкі ортаның осмостық қысымын, диффузия, қоректік заттарды сіңіруін, қажетсіз өнімдерді бөлуді қамтамасыз етеді.

Тұздардың алмасуын реттейтін орталық аралық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Орталықта денедегі электролиттер концентрациясының өзгерістерін сезінетін ерекше осморецепциялық торшалар болады. Осы торшалардың қозуы салдарынан нервті-рефлекстік немесе гуморальды жолмен бөлу мүшелерінің әрекеті өзгеріп, ауытқыған қысым қалпына келтіріледі.

Минералды тұздардың алмасуын реттеуде вазопрессин құрамына енетін антидиурездік гормон (АДГ) және бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін альдостерон гормонының да маңызы зор. Альдостерон гормоны бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі янтарь қышқылының дегидрогеназасын белсендіріп, натрийдің кері сіңірілуін күшейтеді.

Бүйрек ұлпасында натрий концентрациясының жоғарылауынан ондағы осморецепторлар тітіркенеді де, вазопрессиннің (АДГ) синтезделуін күшейтеді. Минералды кортикоидтар организмдегі ұлпалық сұйықты көбейтіп, сыртқа натрийдің бөлінуін азайтады, калийдің бөлінуін арттырады.

Организмдегі минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар денеде жинақталған мөлшеріне қарай макро, микро және ультраэлементтер болып жіктеледі.

Макроэлементтер:

Кальций – сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің құрамына енеді, қанның ұю үдерісін, ет талшықтарының жиырылуын жандандырады, торша мембранасының өтімділігін реттейді.

Фосфор – аралық зат алмасу үдерісінде маңызды рөл атқарады.

Калий – жүрек жұмысын реттеуге қатысады, нерв жүйесі мен бұлшық еттің қозғыштығын төмендетеді.

Натрий – қан мен лимфаның осмостық қысымын реттеуде маңызды рөл атқарады.

Хлор – организмде теріс зарядты иондар түрінде кездеседі, қарын сөлі құрамындағы тұз қышқылының құрамына енеді.

Магний – қан құрамында мөлшері артса, нерв жүйесінің қозғыштығы төмендеп, нерв орталықтарының қызметі тежеледі, организмді ұйқы басып, селқостық (апатия) байқалады.

Микроэлементтер:

Темір – организмде жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).

Мыс – қан түзу үдерісін жақсартады, меланин пигментін түзу үшін қажет.

Кобальт – В12 дәрмендәрісінің құрама бөлігі болғандықтан қан түзу үдерісінде маңызды қызмет атқарады.

Марганец – организмнің өсіп-дамуына, қанның түзілуіне, сүйектің жетілуіне жағымды ықпал етеді.

Мырыш – ұйқы безі және жыныс бездері гормондарының белсенділігін арттырып, белоктар мен көмірсулар алмасуын жандандырады.

Йод – зат алмасуды жандандырып, өсу үдерісін күшейтеді.

Бром – үлкен ми жарты шарлары торшаларындағы қозу және тежелудің туындауын реттейді.

Фтор – сүйектің қатаюын шапшаңдатады. Егер ол жетіспесе тіс кіреукесі бұзылады.

Никель – кейбір ферменттердің белсенділігін күшейтіп, ашу үдерісін жандандырады, организмде оның мөлшері шамадан артық болса, онда никель көздің қасаң қабағына жинақталып, организм көру қабілетінен айырылады.

Ультраэлементтер: алтын, күміс, селен, мышьяк, радий, торий, уран және оның ыдырау өнімдері денеде нышаны ғана болады (10-6 пайыз және одан да аз).

Khairat I.ҚазҰАУ-тің профессоры, а/ш.ғ.кандидаты, доцент

Қайрат Исханargymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>