Ахмет Байтұрсынұлы. Жылқының қандай пайдасы бар?

14433

Жылқы жер жүзіне түгел жайылған хайуанның бірі. Адам жүрген жерінде жылқы жоқ жер аз. Жылқының түп атасы құлан деп айтылады. Құланды қолға үйретіп, бағып, баптап, жетілдіріп, жылқыға айналдырған монғол мен арий жұрттары болған.

Сондықтан жылқының түп атасы екіге бөлінеді: монғол жылқысы, арий жылқысы. Басқа жұрттарға жылқы осылардан тараған. Монғол жылқыны қолға үйреткелі мұнан 8 мың жыл шамасы бұрын деп айтылады.

Жылқы адамға нағыз пайдалы хайуанның бірі. Көлік орнында жылқы салт мініледі, арба, шанаға жегіледі, соқаға салынады. Жылқының күші мол, жүрісі өнімді.

Жылқы сүтінен әрі сусын, әрі тамақ, әрі дәру қымыз істеледі. Еті дәмді, қуатты. Терісінен былғары, қайыс сияқты нәрселер істеледі. Жал құйрығын сатсаң – пұл, ессең – арқан-жіп болады, тұяғынан түйме сықылды нәрселер жасалады, желім қайнатылады. Сүйегі сабын мен қант зауыттарында ұсталады. Қысқасы, пайдаға асыра білгенге жылқы бойындағы бар заттардың іске аспай қалатыны жоқ.

Жылқының тұқымы толып жатыр. Олардың біреулері салт мінуге жақсы, біреулері жүк тасуға жақсы, біреулері жарысқа жақсы. Салт пен жарысқа жақсы жылқылар монғол мен арий жылқысынан шыққан тұқымдар. Бұл екі тұқымнан басқа орман жылқысы деген бар. Оның тұқымы жұмысқа жақсы болады.

Монғол жылқысынан шыққан қазақ, қалмақ, башқұрт, қара байыр, қашқар, забайқал, иран, түрік, түрікпен, шеркеш, ағылшын жылқыларының тұқымы.

Орман жылқысынан шыққан Арден, Бұлан, Шерширун, Белгия, Дания, Голландия жылқыларының тұқымы. Осы үш тұқымның бір-біріне шағылысқанынан шыққан жылқының толып жатқан тұқымдары көп.

Жылқы хайуандар арасында дөңгелек тұяқ тобына жатады. Жылқымен тұқымдас үй хайуандарынан есек, қашыр, қыр хайуандарынан құлан, зебр сықылдылар.

A.BaitursynulyАхмет Байтұрсынұлы

talbesik.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!