Ұлттық спорттың жанкүйерлері журналистің білместігін кешіреді деп сенеміз

3186

“Нұр.кз” сайтында жарияланған мақаланы оқыдық. (Жестокое обращение с лошадьми на кокпаре в СКО потрясло казахстанцев (18+)) Журналистің шетелдер үлгісіндегі қысқа қашықтықтағы ат жарысын (гладкая скачка) көкпар деп атағанына таң қалып отырмыз. Бұрын ұлттық спорт ойындарын көрмеген, бәйге мен көкпардың айырмашылығын білмейтін адам болса керек. Біздің ойымызша, ол білместікпен айтқан, әйтпесе, ұлтараздығын тудыру, ұлттық ойындарды қорлауды мақсат етпеген деп ойлаймыз. Мақаладан түсінгеніміз, атының аяғы сынып жаны күйіп тұрған иесі оны журналистердің суретке түсіргенін қаламаса керек. Сосын араларында сөзталас болған секілді. Журналист жеке басының өкпесін мақалада көрсетіп, біржақтылық танытқан ба деп ойлаймыз.
Жалпы, біздің ойымызша, бұл шуға айналдыратын мәселе емес. Журналист өз қателігін түсінеді. Ал ұлттық спорттың жанкүйерлері оның білместігін кешіреді деп сенеміз.

ulttyqsport.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!