Көкпар үш мемлекеттің атынан ЮНЕСКО-ға ұсынылды

3169

Қазақстан мен Қырғызстан және Ауғанстан көкпар ойының ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне қосу үшін өтінім берді деп мәлімдеді Қырғызстан социал-демократиялық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Шыныбай Тұрсынбеков партияның жастарды дамытуға арналған бағдарламасын таныстыру кезінде.

“Көкпар ойынын ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне қосу туралы өтінімді үш мемлекет бірге жіберді, олар: Қырғызстан, Қазақстан және Ауғанстан. Бірақ ол тек қазақтардың ойыны деп енбейді, үшеумізге ортақ” деп атап өтті социал-демократ.

Айта кетейік, ЮНЕСКО аталған елдердің өтінімін биыл қараша айында қарап, нақты бір шешімге келетін болады.

baq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!