Жігіт болсаң, теңге іл де, асау үйрет!

7693

tenge iluТамыз айының 30-күні Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойыны Теңге ілуден І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Аталмыш ауқымды шараға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан қатарлы оншақты республика спортшылары бақ сынайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, теңге ілу сайысымен қатар Асау үйретуден І Республикалық турнирі өз байрағын көтермекші. Жүген-құрық тимеген шу асауды ер-тоқым салмай, жүген-құрықсыз жайдақ мініп, бастықтыру жарысы көрермен қауымның қызығушылығын тудырады деген сенім бар. Бұл жарыс еліміздің ұлттық спорт тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Асау үйретуге әзірге әр облыстан бір-бір үміткер қатысады деп жоспарлануда.
Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы Бекен Қайратұлы өзінің фейзбуктағы парақшасында жариялады.

Арғымақ.кз

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!