Жылқыға қатысты мақал-мәтелдер (жалғасы)
Ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды,
Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер жазаңды
Жайдақ мінгеннің жаны әлсіз
Ерге мінген жігітке – он кісілік күш бітеді
Жүгнсіз ат міңгеннің жүрегі қобалжиды
Қамшысыз жігітте қатын құрлы айбар болмайды
Арқансыз жылқышы – ерін жаяу арқалайды
Ac қадірін білмесең, ашаршылықты көрерсің,
Ат қадірін білмесең, жаяушылықты көрерсің.
Абысын тату болса ас көп,
Ағайын тату болса ат көп.
Ағаш қамшы көп болар,
Аттанар күні жоқ болар.
Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
Азған елге би болма,
Арыған атқа басаубіл болма.
Азықты ат арымас.
Айт аттынікі, той тондынікі.
Айт жеткізіп білімдіге, мұны ұғар,
Құлын ат боп, қысырақ та тынығар.
Айт та, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет
Айтар сөзге тұшынғаның –
Ноқтаға басты ұсынғаның.
Айрылайын деген дос
Ердің артқы қасын сұрайды.
Айырылатын тамыр
Ердің артқы қасын сұрайды.
Айырылма, жұртым, үйіріңнен,
Айырылсаң үйіріңнен,
Екі қолың кетпес бүйіріңнен.
Ақкөңілдің аты арымас, тоны тозбас,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.
Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай-құнаннан.
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақылды кісінің белгісі –
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың белгісі –
Аз оттап, көп жусайды.
Ақымақ білмес атының арығанын,
Көсе білмес жасының қарығанын.
Ақырын-ақырын мінсе болар тор атқа,
Ақырындап барып жетсе болар мұратқа.
Ала алмаған атынан көрер,
Қайтып келіп қатыннан көрер.
Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
Күнің бір күн болса да жорға мініп өт
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Андыз болса, ат өлмес.
Арғымағың жамандап,
Кәні будан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні туған тапқаның.
Арғымақ ат арыса да, жабы болмас.
Арғымақ аттың белгісі –
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі –
Аз сөйлер де, көп тыңдар.
Арғымақ аттың белгісі –
Аз ғана оттап, көп жусар.
Асыл ердің белгісі –
Аз сөйлеп, көп тыңдар.
Арғымақ аттың құйрығы
Әрі жібек, әрі қыл,
Қас мырзаның (ер жігіттің) белгісі –
Әрі мырза, әрі құл.
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
Арғымақ жалсыз,
Ер қалсыз.
Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.
Арғымақты жамандап,
Қане тұлпар тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Қане туған тапқаның.
Арғымақтың белгісі – аз оттап, көп жусайды.
Арпасыз ат қыр аспас,
Жәрдемсіз алып жау жеңбес.
Артқы айыл берік болса,
Атың тулап нетеді.
Артқы айылдың кеткенін иесі білмес, ат білер.
Ағайынның азғанын туыс білмес, жат білер.
Арық атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман кісіге мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас,
Қондырса да оңдырмас.
Арыстан ақырса, ат аяғы тұсалар.
Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады.
Асың барда ел таны беріп жүріп,
Атың барда жер таны желіп жүріп.
Ат айналып қазығын табар.
Ер айналып жазығын табар.
Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң, көзі менен қасын ал.
Ат арықтаса, тулақ болар,
Ер арықтаса, аруақ болар.
Ат арыса тулақ,
Ер арыса әруақ.
Ат арытпай жол бітпейді.
Ат аспаннан, нұр пейіштен (ұжмақтан).
Ат аунаған жерде түгі қалар.
Ат аяған ат мінер,
Тон аяған тон киер.
Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған аспанға қарар.
Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.
Ат аяғын тай басар.
Ат баспан деген жерін басар,
Ер көрмен деген жерін көрер.
Ат баспан деген жерін үш басады.
Ат басына күн түссе, ауыздығыменен су ішер,
Ер басына күн түссе, етігіменен су кешер.
Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.
Ат болатын тұлпардың
Мүшесінен белгілі.
Кісі болар кісінің
Кісесінен белгілі.
Ат жақсысы шанада,
Жігіт жақсысы саудада.
Ат жалдыға, кеп малды да.
Ат жаманы таймен ойнар,
Қатын жаманы баймен ойнар.
Ат жемейтін ащы шөптің біткенінен бітпегені игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың
Туғанынан тумағаны игі,
Жалған сөздің болғанынан болмағаны игі.
Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
Ат көрмеген атты шауып-шауып өлтірер.
Ат қаз, бауырынан саз.
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
Ат қосақсыз жүгірмейді.
Ат мінбеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер,
Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға тоздырар.
Ат семірсе иесін тебер.
Ат сүрінбей жер танымас.
Ат төбелі ай болмас.
Ат шабады, ер шаттанады.
Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң көз көрмес.
Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар.
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
Ат алмаған жая таңдар.
Атаным сай, атым сай,
Қашсам, жаудан кетермін.
Кетпенім сай, шотым сай,
Қазсам, суға жетермін.
Атаның баласының ат төбеліндей ой белгісі болсын.
Атаңда жоқ арғымақ,
Анаңда жоқ арғымақ
Саған не керек?
Атасы басқа аттан түс,
Аталасым, атқа мін.
Атқа бермес құнан бар,
Қызға бермес жуан бар.
Атты кісі жаяудың ақын жемейді,
Ақын жесе, оны жұрт «мақұл» демейді.
Атты қамшыменен айдама,
Жемменен айда.
Атты қамшыменен айдасаң,
Жаяу қаларсың.
Аттыға еремін деп,
Тайлының қаңы жыртылыпты.
Аттың басын ноқталап байла.
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.
Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.
Атың жақсы болса, жолдың пырағы,
Балаң жақсы болса, көңіліңнің шырағы.
Қатының жақсы болса, ақ ордаңның тұрағы.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Балаң жаман болса, дәрменің кетеді.
Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді.
Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.
Атың жаман болса, сатып құтыларсың,
Қатының жаман болса, қайтіп құтыларсың.
Атың өтімді болса,
Өмірің татымды болады.
Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдында төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бай баласы мақтанса,
«Жылқыдан жорға міндім» дейді.
Би баласы мақтанса,
«Парадан шапан кидім» дейді.
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер,
Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер,
Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер.
Бай мінеді бір ат,
Жарлы мінеді бір ат.
Жазғытұры болғанда,
Бай мінеді құр ат.
Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені Құдай қарғайын десе,
Құлын тастар.
Байтал – жүйрік, парқы жоқ,
Қатын – шешен, нарқы жоқ.
Байтал озып бәйге алмас.
Байтал шауып бәйге алмас.
Құнан шауып құр қалмас
Баланы жұмсағаның білінбес,
Тайды мінгенің білінбес.
Барымтадан қорыққан жылқы жимас.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Батыр деген Барақ ит болар,
Екі қатынның бірі табатұғын.
Би деген ақсары ат болар,
Айында біреу табатұғын.
Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.
Белгілі қосшың болмаса,
Белің буып атқа бар!
Тоқалыңыз болмаса,
Бәйбішесімей отқа бар.
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
Бие бауға, түйе тауға.
Бие мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.
Боларында болып өт,
Боз жорға аттай желіп өт.
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.
Боларыңда болып өт,
Боз жорғадай желіп өт.
Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса біреуіне келтірер.
Бөтен ауылдың аты озғанша,
Өз ауылыңның тайы озсын.
Біздің елде ала қарға еді,
Мұнда келіп жылқышы болған.
Бір атқа екі жүген кезікпес.
«Дүние» деген – асау ат, байқаусызда теппесін,
Ол теппей тұрып, сен теп.
Егір болса, ер өлмес,
Андыз болса, ат өлмес.
Екі аяқ қымыздың бір аяқ желі бар.
Екі жақсы кез болса,
Шапқан аттай жарысар.
Екі жаман кез болса,
Құтырған иттей таласар.
Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
Құрастырған Жаубай Ержан
(Басталуы мына жерде 1, 2.) (Жалғасы бар)