Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

2834

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай Мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек ЕріАсанбай Асқаровты еске алуға арналған көкпардан ХІІІ, аударыспақтан Ү, жамбы атудан І халықаралық турнирі өтеді. Бұған дейін дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан турнир кестесіне биыл алғаш рет жамбы ату сайысы енгізілді.

Ұлттық ат спорты ойындарын кеңінен насихаттауды, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы жастарды тәрбиелеуді негіз еткен дәстүрлі турнирдің бір ерекшелігі спортшылардың шеберлігін көтеру, әдіс алмасу және алыс-жақын шет елдермен ұлттық ат спорты байланыстарын арттыру.

Бұған дейін де Шымкент төрінде дүркіреп өтетін сайыс биыл да осы Оңтүстікте байрағын көтеретін болады.

Көкпардан және аударыспақтан Мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек ері Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының облыстық атшабарында 2016 жылдың 14-20 қарашасы аралығында өтеді.

Турнирдің дайындығы мен өтуі Қазақстан Республикасы  мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетіне, ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктеледі. Төрешілер алқасын Халықаралық «Көкпар» федерациясы және ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп бекітеді(төрешілер алқасын, бас төрешіні, бас хатшыны, төреші хронометристті, төреші информаторды, алаңдағы төрешілерді, көмекші төрешілерді, хатшылар комиссиясын).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ҚР  мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, ҚР Ұлттық спорттүрлері қауымдастығының арнайы дипломдарымен және қаржылай сыйлығымен марапатталады

Анықтама телефоны:

8-(7252)47-60-86

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!