Ертең шөгеннен ел біріншілігі басталады

2574

Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Алматы облысының Талғар ауданында ат спорты кешенінде шөгеннен Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне «Almaty polo club», «Astana polo club», Әулиеата шөген клубы, Ақмола облысының шөген федерациясы, Оңтүстік Қазақстан облысының шөген федерациясы және Аққия шөген клубы қатарлы еліміздегі ежелгі ойынды дәріптеуші командалар қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатында жамбылдық Әулиеата шөген клубы топ жарған болатын.

Қазақстан Шөген федерациясының ұйымдастыруымен өткелі отырған ел біріншілігі екі күнге жалғасады.

2012 жылы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Қазақстан шөген федерациясының негізі қаланды. 2014 жылы федерация президенті болып Асылжан Мамытбеков сайланды. Содан бері Федерацияның атқаратын жұмысының бірнеше бағыты айқындалып, елімізде полоны дамытудың негізгі алғышарттары жасалды. 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан шөген федерациясы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен Халықаралық поло федерациясының Бас Ассамблеясында мүшелікке қабылданды.

argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!