Чехияда чемпион атанған шабандоз қазақ (ФОТО)

2696

1992 жылы дүниеге келген қазақстандық шабандозды (жокей) бүгінде бүкіл Еуропа таниды десек болады. Ол бұған дейін де үздік шабандоз атағын бірнеше рет иеленген. Ал Бауыржан Мырзабаев биыл да Чехияда өткен шабандоздар байқауында бас жүлдені жеңіп алған.

«Шет елде, жат жерде атқа шауып, абыройы асқан Бауыржан Мырзабаев баурымыз Чехияда шабандоздардың ( жокейлердің) чемпионы болды. Қазақтай ат құлағында ойнаған халықтың ұрпағы, бәйгеде бақ иектеп, бағы жанған, тақымы майлы шабандоз баурымызды құттықтаймыз! Шет елде атқа шауып олжалы болу кез келген адамның маңдайына бұйра бермейді. Көрші ауыл, қозыкөш жер — Қырғыз жерінде өткен жарыстағы көкпардың кем-кетігін айтып, шулап болсақ, алты қырдың ар жағындағы еуропадан жеткен Бауыржандай чемпион жайлы жағымды жаңалықты арналардан айтып елден елге жеткізсек жақсы іс болар еді! Және жылқыдан жырақтап, телефонға тұрақтап қалған әлжуаз, тақымы бос жас ұрпаққа өнегелі дүние ғой! Сондықтан жақсылыққа жаршы болайық. Біз Ел болып құтты болсын айтып, жұрт болып қуанышқа қуануға тиістіміз! Мен Бауыржан баурымды чемпион болуымен құттықтаймын!» — дейді танымал журналист, жылқытанушы, «Арғымақ» кітабының авторы Бағдат Мұхтарұлы.

Еуропалықтарға көшпенділердің жылқымен бірге жасасып, біте қайнасып кеткенін тағы бір танытқан Бауыржанға құтты болсын айтамыз! Нағыз кентавр-көшпендінің ұрпағы осындай болса керек.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!