Астанада көкпардың халықаралық ережесі талқыланады

1969

Астанадағы Ұлттық музейде әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтеді.

Кеңесте қауымдастыққа жаңа мүшелер қабылданып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібі қаралады.

Сонымен қатар, көкпардан (бузкаши, улак-купкари, улак-тартыш) халықаралық ережелер талқыланады. Сондай-ақ, Қазақстан, Венгрия, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей ұлттық спорт федерация өкілдерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық Қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен еді. Жарысқа АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Венгрия және өз еліміздің көкпаршылары қатысты.

І  Әлем чемпионатының ақтық сынында Қазақстан құрама командасы қырғыз ағайындарды 3:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанған болатын. Ал биыл көкпардан ІІ Әлем чемпионаты Өзбекстанда өтеді.

Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі 14 ақпан сағат 15:00-де басталады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!