Ел чемпионаты. В тобынан «Нарын» үздік шықты

2575

В тобының соңғы ойынында Атырау облысының «Нарын» командасы мен Қызылорда облысының құрамалары кездесті.

Екі команда В тобының үздігі атануы үшін ойын өткізді. Алғашқы айналымнан-ақ атыраулықтар алаңда атой салды. Көкпар ойынының мықты майталмандары екенін танытқан «Нарынның» нар жігіттері есепті 5:1-мен аяқтады.

10 минуттық үзілістен соң ортаға қайта оралған қос команда тартысты ойын көрсетті. «Нарынның» жігіттері әп-сәтте ойын тағдырын шешті. Есеп — 9:3.

Атырау облысы «Нарын» командасы, команда капитаны – Қанат Абылбеков, жетекшісі – Аслан Жанбалаев.

Қызылорда облысы құрамасы, команда капитаны – Қанат Абылбеков, жетекшісі – Ғ.Махатаев, жаттықтырушысы – С.Боранбаев

Салым салғандар:

Қызылорда облысының құрамасы: Қанат Абылбеков – 1 салым, Нұрлан Жүсіпов – 1 салым, Наурызқожа Әмзиев – 1 салым.

«Нарын» командасы: Ынтымақ Әліпбаев – 1 салым, Айбек Болатов – 2 салым, Қайыржан Сүлейменов – 1 салым, Алмат Жүнісов – 1 салым, Александр Пупенко — 2 салым, Жасұлан Айтбай – 2 салым.

Айта кетейік, бұған дейін А тобынан Түркістан облысының «Құлагер», D тобынан Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы үздік шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Чемпионаттың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-аухат қоры.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!