Шөген ойыны жайлы қызықты деректер (сұрақ-жауап)

8349

Құрметті оқырман, шөген ойыны туралы қызықты деректерді сұрақ-жауап негізінде назарларыңызға ұсынып отырмыз. Өздеріңізге қызықты мәлметтер аласыздар деген ойдамыз. Ендеше бабаларымыздан қалған бағызы ойын жайлы біле жүріңіздер.

№1 сұрақ. Шөген ойынына ұқсас Кавказ бен Орта Азияда кең таралған ойын қалай аталады?

Жауап: Заманауи шөгеннің түп тамыры шығыс ойыны «човган» деп аталады. Човган ойынынан бірінші жарыс б.з.д. 600 жылы түркімендер мен парсылар арасында болған деген сенімді мәліметтер сақталған.

Қызықты факт: Әзірбайжанда човган ойыны қарабақ тұқымды жылқысымен бірге 2013 жылы 3 желтоқсанда ЮНЕСКО материалдық емес мәдени құндылық тізіміне енгізілді. Бүгінгі таңда Әзірбайжанда бұл ойын ұлттық ойын болып есептеледі, ал оның бұл елде үлкен танымалдығының арқасында, қарабақ жылқысы қолданылмайды және өзінің салыстырмалы тұрақты өту нарығына ие.

 №2 сұрақ. Шөгеннің Олимпиада ойындарына қатысы қандай?

Жауап: Шөген ойыны 5 рет Олимпиада бағдарламасына: 1900, 1908, 1920, 1924 және 1936 жылдары енген. Ал дәстүрлі олимпиада ойындарында тек 1912 жылдан бастап ат спорты пайда болған. Шөген ат-спорты түріне қарағанда командалық спорт түрі болып есептеледі.

Қызықты факт: Берлиндегі Олимпиада ойындарында «Майфельд» аренасында шөген ойыны спорттың басқа түріне қарағанда көрермендерді көп жинады (70 мың адам). 1930 жылдардың басынан бастап шөген ұлтшыл Германияның қуғынға ұшыраған спорт түрі болып есептелді, оған қарсы прессада белсенді насихаттау жүргізілді. Ал кейін ойын аяқталғаннан кейін Адольф Гитлер «еврейлік» және «англо-американдық» спорт ретінде атты шөгенге мүлдем тыйым салды. Бірақ та олимпиадалық бағдарламадан спорттың бұл түрі басқа себеп бойынша шығарылды.

Аргентина құрамасының 1924 және 1936 жылдары шөгеннің дамығаны соншалықты басқа ойындар ойналмай қалды десе де болады. Өзгелер аргентиналықтармен ойнау пайдасыз, онсызда аргентиналықтар бәрібір жеңетіндігі айқын болды. Бұл тенденция осы уақытқа дейін жалғасуда. Шөген патшасы — аргентиндік Адольфо Камбьясо.

 №3 сұрақ. Шөген ойынына арналған алаңның өлшемі кандай?

Жауабы: 300 х 160 ярд немесе 274 х 146 метр. Бұл барлық командалық спорт түрлерінің ішіндегі ең үлкен алаң.

Қызықты факт: Шөген үшін бір алаңның ауданы шамамен алты футбол алаңының жиынтығын құрайды. Шөген мен футбол ойындарында қақпаның ені бірдей — 7,3 метр. Дегенмен, шөген ойынының қақпасы футбол қақпасымен салыстырғанда жоғарғы маңдайшасы болмайды, яғни, гол кез-келген биіктікте жармаға түскен кезде есептелген болады. Шөгенге арналған доптың диаметрі 8,3 сантиметр.

 №4 сұрақ. Әрбір соғылған голдан кейін командалар неліктен алаңдағы орнын ауыстырады?

Жауабы: Сауалдың жауабы қызықты деректе айтылады.

Қызықты факт: Ашық алаңда өткізілетін барлық командалық спорт түрлерінің ерекшелігі – екі команданың бірі күн көзіне қарсы ойнауға міжбүр болғандықтан, қарсылас команда басымдылыққа ие болады. Бұл жағдайдан шығудың бір ғана жолы — қақпамен ауысу. Алайда, басқа ойын түрлерінде бұл ауысу шөгендегідей жиі болмайды. Көрермендерге сүйікті тобының қақпасы қай жақтан орналасқанын шатаспау үшін есепті мұқият бақылауы тиіс. Дегенмен, барлығы санға байланысты.

 №5 сұрақ. Шөген ойынын солақайлар ойнай ала ма?

Жауабы: Ойнайды, бірақ оларға шөген таяқшасын «оң» қолмен ұстау керек болады.

Қызықты факт: Шөген ережелері бойынша поло таяқшасын тек оң қолда ұстауға рұқсат етілгенді. Бұл ретте допты сол жақтан ұруға болады. Соққының төрт негізгі түрі бар: алдыға және жанына құлаштап қатты ұру (off side forehand), артқа соққы (near side backhand), аттың сол жағынан мойынының астынан соғу (near side neck shot) және аттың артынан соғу (off side tail shot). Сонымен қатар, қарсыластың атының үстінен немесе астынан соққы жасау.

 №6 сұрақ. Матч қандай жылдамдықта өтеді?

Жауап: Ойын уақытында шөген аты (поло-пони) 60 км/сағатқа дейінгі жылдықты өрбіте алады.

Қызықты факт: Шөген аты қысқа уақыт ішінде, 7-7,5 минутта (таза ойын) өте қарқынды жұмыс істейді: тек шоқыраққа салып қозғалады, бірден тоқтай білуі тиіс және орнында бұрылуы тиіс. Ойын ережесі бойынша бір шөген аты қатарынан екі чаккерге және ойын барысында екі чоккерден артық шығуына тыйым салынады.

 №7 сұрақ. Шөгенді аттан басқа қандай жануарлардың үстінде ойнауға болады?

Жауабы: Үндістанда піл мініп ойнайтын шөген кеңінен таралған, ал араб елдерінде – түйемен шөген ойнайды.

Қызықты факт: 2000 жылы Монғолияда бірінші рет қодасқа мініп (яктарда) шөген жарысын өткізді. Бұл науқан бастапқыда осы жануарларды қырудан сақтауға қоғамның назарын аударуға бағытталған. Ал 2006 жылдан бастап қодаспен немесе сарлық-шөген белгілі болғандығы соншалықты, оны тіпті Пәкістанда ойнай бастады. Монғолияның өзінде Моңғол сарлық-шөген бірлестігі құрылды.

Экзотикалық саналуандық жағынан шөгенді каное, сегвея, гольф-мобильдерде, велосипедтерде және мотоциклмен ойнайтын шөгенді атап өткен жөн. Қодаспен ойналатын шөген Монғолияда кеңінен таралды. Әйгілі шөген ойыншысын Уинстон Черчилль: «Шөген-гандикапы – бұл сіздің әлем алдындағы төлқұжатыңыз» — деп айтқан болатын. Әрине, бұл ақсүйектер ойыны барлығы үшін қол жетімді емес.

 №8 сұрақ. Шөген ойынында жылқының қай тұқымы көбірек қолданылады?

Жауабы: Шөгенде «поло-пони» деп аталатын арнайы аттар пайдаланылады. Жылқының бұл түрі көбінде Аргентинада өсіріледі.

Поло-понидің бойы әдетте қарапайым жылқы тәріздес. Алайда аргентиналық алғаш осы жылқы тұқымын өсірушілер жергілікті жылқыларды уэльстен әкелінген понимен будандастырған. Бірақ 1919 жылы пони бойының 147 см-ді құрайтын шектеуі алынып тасталғандықтан, аргентиналықтар шөген аттарының тұқымын жақсарту үшін асыл тұқымды жылқыларды пайдалана бастады. Бұл «ноу-хау» шөген аттарына үздік жылдамдық сапаларын сыйлады.

Ойынның келесі сәтінде доптың қайда болатыны белгісіз болғандықтан шөген аттарының басқа жылқы тұқымдастарынан айырмашылығы, тез қарқындай алуы және тоқтай алуы, екпінді жұлқыныс жасауға және бірден бұрыла алуы тиіс. Оған қоса, шөген аттарының тағы бір ерекшелігі – шабысының бірқалыптығы болуында. Сонымен қатар шөген аттары тұрақты психикасымен және төзімділігімен ерекшеленеді. Таң қаларлығы, кейбір шөген аттары ойынға өздері қызығады.

Бір қызығы шөген аттары үнемі ойыншының астында ойнайды деп ойлау қате, ол көбінесе өзі ойнайды. Ресми ережелерде шөгенде «пони гол» деген түсінік бар — ол аттың тұяқ соққысымен қарсыласының қақпасына түскен доп. Мұндай гол есептеледі және көрермендерге үлкен қуаныш сыйлайды. Шынымен де дарынды шөген атының ойынға қызығатындығы соншалықты, ол адамнан да артық құмарлықпен өзінің барлық күш-жігерін салып ойнайды.

 №9 сұрақ. Жабық аймақ деген не?

Жауап: Жабық аймақтың ұсынылатын мөлшері — алаңның бүйір жағынан 10 ярд (9,144 м) және шет жағынан 30 ярд (27,432 м) (қақпа сыртында).

Ойын кезінде ойыншылар мен төрешілерден басқа жабық аймақта басқалардың болуына тыйым салынады. Тек қана ассистент қауіпсіз аймақты ойыншыға жаңа шөген таяқшасын беру үшін қиып өтуі мүмкін. Егер ойын кезінде ойыншыға жаңа шөген таяқшасы, шөген аты немесе басқа да бір көмек қажет болса, ол оны алу үшін алаңның шетіне жақындауы қажет. Ойын кезінде ойыншылар мен төрешілерден басқа алаңда ешкімнің жүруіне рұқсат етілмейді.

Ойын кезінде жабық аймақта шөген аттарыныңжүруіне рұқсат жоқ.

Егер ойын жабық аймаққа шығатын болса, онда алаңдағыдай төрешілік етіледі.

 Шынында, шөген ешқашан спорттың демократиялық түрі ретінде танылған емес. Бірақ кез келген қоғамда өз біліміңмен көріну пайдалы және жағымды.

Ал сіз білесіз бе?

1. Шөген ойыншылары арасында біліктіліктің арнайы жүйесі қалыптасқан ол – «гандикап» деп аталады. Гандикап — 2-ден (біліктілігі аз ойыншы) 10-ға дейінгі (жоғары білікті ойыншы) аралықта болады.

2. «Шөген патшасы» ретінде соңғы жылдары аргентиналық ойыншы Адольфо Камбьясо танылды. Ол 19 жасында 10-шы гандикапты иеленген.

3. Шөген ойыншыларының шалбары тек ақ болуы тиіс, ал етіктері мен қорғаныс тізелері — тек қоңыр болуы тиіс.

4. Қазақстанда шөген бойынша бірінші турнир Тараз қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойының салтанаты аясында болды.

5. Шөген ойыны уақытында аттың құйрығын байлайды, ал жалын қияды немесе өте қысқа етіп өріп қояды.

6. Допты алаңнан көтеру үшін төрешілер арнайы «пик-ап» доп таяғын пайдаланады.

7. Шөген FEI жетекшілік ететін дисциплина құрамына кірмейді, бірақ жеке Халықаралық шөген федерациясы бар (FIP). Қазақстан шөген федерациясы оның толық құқылы мүшесі.

8. Дәстүрлі шөгеннен басқа үлкен көгалды алаңда, қарда, жағажайда және жабық ғимараттарда ойындар өткізіледі.

9. Британдық кавалерияда шөген ойыны офицерлерді дайындаудың міндетті бағдарламасына кірді.

10. Аргентиналық шөген атының орташа бағасы шамамен 20 мың долларды құрайды (тасымалдау құнын қоспағанда). Елімізде шөген ойындарына қажетті аттарды жергілікті жылқылардан таңдап алынып, баптап үйретеді.

kazpolo.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.