Әлем ғалымдарының қазақ жылқысы жайлы тұжырымдары

3854

Белгілі ғалым, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Айбын Төрехановтың «Жылқы қазақтың жаны» атты мақаласында айтылған мәселелерді жеке-жеке тақырыпшаларға бөліп, оқырманға жеңіл болуы үшін шағындап беруді жөн көрдік. Олай болса, қазақ жылқысы, жылқы шаруашылығы, ат баптау жайлы оқуға асығыңыздар.

Амандасуды «мал-жан аман ба?» деп бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек. Төрт құбыласы сай болғанын қалайтын қазақ халқының тұрмысы ежелден-ақ төрт түлікпен тығыз байланысты болғаны белгілі. Дегенмен, жылқыны ерекше қадірлеп «төрт түліктің төресі» деп таныған.

Шынымен, қазақ халқының айрықша қадір тұтатын жануарының бірі – жылқы малы. Халықта «Ат жалын тартып мінгелі бері» деген сөз бар. Бұдан ат – қазақтың өмірлік серігі болғаны аңғарылады. «Ат – ердің қанаты» деген бабаларымыз жылқы арқылы бүкіл жер бетіне танылып, өз өркениетін қалыптастырғаны тарихтан белгілі. Осылайша тұлпардың тұяғы, аттың жалында тарих қалыптасып, еліміз бен жеріміздің тұтастығы сақталып қалды. Жылқы өсіріп, ат міну барысында адамзат өркениетіне ауыздық, үзеңгі және жарғақ шалбарды енгізген де қазақ.

Тарихқа үңілсек, жылқыны ең алғаш қолға үйреткен де қазақ екені мақтаныш. Ағылшын ғалымдары қазақ жеріндегі тайпалар ең алғаш, осыдан 6-7 мың жыл бұрын жылқыны қолға үйреткенін айтқан еді. Археолог Виктор Зайберт бастаған халықаралық ғылыми қауымдастық Солтүстік Қазақстан өңірінде «Ботай қонысын» зерттеу барысында осы тұжырымды растады. Осы тұжырым 2009 жылы SCIENCE ғылыми журналында жарияланып, әлем жұртшылығына жылқының тұңғыш рет «Ботай қонысында» қолға үйретілгенін айғақтап, б.з.д. ІV мыңжылдықта осы жерде қымыз дайындалғанын жария етті.

Осы тұжырымды ұсынған жетекші ғалымдар:

Палеозоолог-маман, профессор Шандор Бекени;

Жылқы тістеріндегі ауыздық іздерін анықтаудың өзіндік әдісін тапқан америкалық ғалым Дэвид Энтони;

Жылқының сүйегінде қолға үйретілгендігін дәлелдейтін морфологиялық белгілерінің бөлшектенуіне қатысты остеологиялық жиынтықтарды зерттеуші неміс ғалымы Фриш Бенеке;

Ботай ыдыстарының сынықтарынан қымыздың нәлін анықтаған ағылшын ғалымы Алан Оутрам.

Осылай қазақты айдай әлемге паш еткен жылқы туралы не білеміз? Осы түлікке деген көзқарасымыз қандай? Жеті қазынамыздың біріне баланған жануардың тарихына көз жүгіртіп, ерекше қасиеттеріне үңіліп, жылқы шаруашылығының болашағына барлау жасағанды жөн санадым.

Менің пайымымда, өзгелерден ертерек атқа қонған бабаларымыздың жылқы туралы танымы да басқа халықтардан жоғары болуы заңдылық. Мысалы, жолаушылап келе жатып, құлынның кісінеуінен: «Мынау баяғы жоғалған айғырымның көзі ғой» деп таныған бабаларымыздың көрегендігі аңызға айналған.

Ең ғажабы, XVIII-XIX ғасырдың өзінде орыс зерттеуші А. Вилькинс «қазақ жылқысы арқылы біз, орыстар, жылқыға қол жеткіздік» дегенді айтқан. Ең қызығы, орыс зерттеушілері А.С. Красников пен О.С. Турбачев «лошадь» деген сөздің «Алаш» және «ат» сөздерінің бірігуінен туындаған деген қорытындыға келген. Олардың пайымдауынша, көшпенді Алаш тайпалары /шамамен 800-900 жыл бұрын/ орыс князьдіктерімен саудаласқан. Орыс кінәздері «Алаштан ат» алдық деп, бұл жануарды «алаш ат», яғни өз тілдеріне бейімдеп «лошадь» деп атап кеткен.

Бұл тақырыпта бұған дейін де жазылған болатын. «Қазақ жылқысы жайлы ежелгі тарихшылар пікірі» мақаласын оқыңыздар.

(Жалғасы бар)

Айбын Төреханов, профессор

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!