«Ат басқан қоңыр» және «Сарыөзек»

13190

Надандық пен қараңғылық халық-бұқараның еңсесін езіп, ат төбеліндей үстем таптың үкімі жүріп тұрған сол бағзы заманда кімдер зар жұтып, зәбір көрмеді дейсіз?
Арманына жете алмай, сары өзек сағыныштан сарғайып мезгілсіз солған жастық, махаббат қаншама! Тағылық тұзағында тыпырлап, көкірегіне құса толған арулар мен аптал азаматтардың көбі қорлыққа төзе алмай дүниеден баз кешіп, зарланумен өтті. Сондай аһ ұрған аяулы да аянышты махаббат тағдырларын халқымыз естен ұмыт қалдырмай, ұрпақтан ұрпаққа ән-өлең, жыр-аңыз арқылы жеткізіп, ұлағатқа қалдырған. Зорлыққа деген лағнеті мен махаббатқа деген жанашыр жақсы ниетін халқымыз домбыра, сыбызғы, қобыз арқылы күй тілімен де өрнектеген. Соның бір дәлелі «Ат басқан Қоңыр» және «Сары өзек» күйлері. Күйлердің өмірге келуі хақында бүгінге дейін жалғасып, аңыздық сипатқа ие болған тарихи шындықтан нәр алған әңгіме бар.
Бұл оқиғаға қазақтар Қобда бетіне келерден бұрын болыпты. Ол екі арыс Абақ Керейдің бірі Шерушінің Бақат деген тармағнан тарайтын Киікбай баласы Көбеген деген кісінің Ақтай, Бозтай, Ырысбай, Кәрібай деген ұлдары байлаулы бие де, жайылған жылқы да жоқ!
Әдеттегідей әкесіне сәлем беріп, шай ішіп отырғанда Көбеген ұлдарына:
— Сендер барда маған аштықта жоқ, құдайға шүкір мал да дәулет те бар. дегенмен, «Көбегеннің көнегі керегенің басына ілініп қалды» деген елдің сөзі жаман екен… – деп, асықпай байыппен ғана ойын айтып, болған жайды астарлап жеткізеді. Сөйтсе, балалары жоқта Көбегеннің 300-дей жылқысын Найманның ұрылары бір түнде тай-құлында қалдырмай барымталап кеткен екен. «ұрылар жылқымды алып, көнегім керегенің басына ілініп қалғанда арыстаннан артық көрген баларымнан бір пайда көре алмадым-ау» деген Көбегеннің ішкі ренішін айтқызбай ұқққан ұлдары, әкесіне білдірмей жортуылға дайындала бастайды. Бірақ, оны сезіп қалған Көбеген:
-Қыс болды, қар көп. «Шәңгіштай» асуы бекіп қалды. Енді «Көбегеннің ұлдары қас астында қалды» деген атақ ал алдырғыларың келмесе тоқтаңдар. Жазғытұрым, қар кете іздеңдер!-дейді.
Сонда ақтай:
— Қар соғысатын жау емес, күреп тастаса қозғалмай жата бермей ме? Найман байларының жылқысын біз де әкелеміз, — деп көнбей қояды.
Балаларының көнбесін аңдаған Көбеген оншақты күн дайындықтан соң;
«Бұлар терлеп, үсініп оқыс болар» деп, өзі де ереді. Балалары мен туыстарынан құралған он жеті адам, жолда он бір күн қар күреп, жол ашып асып барса бәленше деген байдың мыңдай жылқысының үстінен шығады. Бұларды көріп шошып кеткен жылқышы қосқа қарай қашады. Оны қуа қосқа келсе, алты жылқышы және жылқышыларға үш түйемен азық жеткізе келген байдың баласы мен екі қосшы жігіт бар екен. Келгендердің жөнін білген соң бай баласында да басқалар да үрей қалмайды. Тамақ істеп, шай құйып бәйек болады. Бай баласының сол жазда ғана үйленгенін естіп білген Көбеген:
— Сендер жылқымды қуып кеткенде менің көнегім мен торсығым қаңсып, керегенің басына ілулі қалды, оған міне екі ай болды. «Кезектә дүние, кезбелі несібе» деген ғой. Енді біз сендердің жылқыларыңды әкетейік» деген ғой. Енді біз сендердің жылқыларыңды әкетейік деп келдік, — дейді де қостағыларды олай-бұлай шығартпай күзетіп қонады. Ертенінде Көбеген бай ұлына:
— Өзің және әйелің тойға мінетін екі жақсы ат ұстап ал,-деп екі ат ұстаттырады.
— Енді әке-шешең тойға мінетін екі ат ал.
— Әке-шешең шөлдеп қалмасын, бір айғыр үйірін ал! – дейді.
Сонда бай баласы:
-Бір айғырдың үйірін жетелесем 152 жылқы, екіншісін жетелесем 123 жылқы, ең азын жетелесем 63 жылқы шығады. Қайсысын алайын?-депті.
— Оны өзің біл – дейді, Көбеген. Бай баласы ең аз жылқы шығатын торы айғырдың үйірін жетелеп шыққанда бір торы тай бүгежектеп үйірге ілеседі. Оны Ақтай шап беріп ұстап алып, Көбеген: «Бір тайда нең бар, бере сал» десе де көнбей: «Барлық жылқысын қайтарып берсең де осы торы тайды бермеймін» деп, жібермей қояды.
Сонда бай баласы:
— Таныған соң алдыңыз ғой. Ұрқы бөлек еді, енді қолыңыздан шығармаңыз, — деген екен.
Мұнан кейін де керей, найман арасында жылқы қуысу тоқтап қалмапты. Ел арасы шиеленісіп бара жатқан соң найман ұлығы Сәмек, Керейден Өжеке (Қожамжар) төре бастаған ұлықтар келісімі жасалады. Келісімде, Көбеген, Ақтайлар қуып келген жылқы және басқа барымта сарымтаның бәрі де тектеліп, «ұрланған жылқының көзі болса көзін алайық, көзі жоқ болса, ат орнына тай, тай орнына қой, қой орнына шай алайық» деп бітім жасалады. Тек, наймандарп жағы: «жалғыз торы тайдың өзін аламыз» деп сіреседі. Сонда, Ақтай: «Ол жоқ. Сөзіме сенбесең мен соғысқанға дайынмын» деп көнбейді. Ақыры екі жақ: «Бір тай үшін бітімді бұзу жарамас» деп сол кезде «Жайлаукер» атанып үлгерген торы тайды Ақтайдың еншісіне қалдырады. Бұл келісімді ел «Сәмек бітімі» деп атапк еткен екен.
«Жайлаукер» құнанынан бастап бәйге бермейді. Осыдан бірнеше жыл өткенде найман ұлығы Сәмек қайтыс болады. Жыл уағында Сәмекке асы беретін болып ое екі керей, тоғыз танбалы найманға сауын айтылыпты. «Бұл – Шерушінің балаларына билік тимей, Жәдік руының құрамында бір орынға бағынып жүрген кезі екен, — дейді, айтушылар.
— Бірақ Көбеген балаларының, әсіресе Ақтайдың беделі артып, айналсына зорая бастаған шағы болса керек. Сәмек асының сауыны айтылған соң Өжеке төре өзі, әдейілеп Ақтайға келіп:
— Сәмек асына апаратын жүйрік пен палуанды саған тапсырам, сен жауаптан. Екеуіміз не жаман, не жақсы жүрген шығармыз. Бірақ, осы істе мен сені лайық көріп отырмын – дейді. –Аста не өзің не Жылқышы күрессін. Сонда:
— Астағы атақ пен намыс Өжекенің емес Керейдің абыройы ғой. Кімді күрестіреміз, қай атты қосамыз, оны өзіміз білеміз –депті Ақтай. Бұдан Өжеке мен Ақтай арасындағы келіспеушікті аңғарамыз. Сонымен жүйрік пен палуанға Ақтадың «Жайлаукері» мен Ақтай баласы Жылқышны апаратын болып келіседі, Керей.
Жайлаукерге бала кезінен шабандоз жиырма жеі жастағы атшабар деген жігітті лайық көреді. Атты тәтекеннің ақылымен Атшабар да бірге баптайды.
Асқа жүрерге екі ай, бес күн қалды дегенде Жылқышыны Тәтекең шақырып алып, күндіз қасына ертіп, кешке таман отауына өзі ерте, кешке таман отауына өзі ерте барып шай-тамағын ізшкізген соң, қайта әкеп өз үйіне қондырып жүреді. Түнда Жылқышының көрпесінің бір шетін өзі басып жатады екен. «Ол кезде, Жылқышы 18 жаста, үйленгелі 7 ай ғана уақыт өтсе керек»-дейді.
Е.Дөйтен, Т.Көккөз қариялар. Сөйтіп аста күресетін Жылқышыны екі ай бойы Ақтай отауына қондырмай, келіншегінен бөлек ұстаған. Бұдан арысқа түсетін палуанды баптауда халықтың ұстанған игі дәстүрінің бір түрін көруге болады. Асқа аттанара алдында Ақтай інісі мен Атшабарға:
— Наймандар аттарына қас жасауы мүмкін. Ол үшін бәйге жолына екі-үш жерге тосқауыл қояр. «Жайлаукердің» басын еркіне жібермей тартып отырып алдыңнан қара көрінгенде ғана еркіндетіп тізгінді босат – деп тапсырады.
Асқа барса, шешен әрі әнші – домбырашы, зәңгі көлемінде шені бар Қылаң деген кісі асты басқарады екен.
Сонымен ас басталып, палуанға найман жағы атақты «Ақ палуан» атанған дәудің басына темір ноқта кигізіп, ұранын шақырып ортаға шығарады. Ол денесіне құлын жарғақ түсіреді. Сонда «Ақ палауан» Жылықшыға айбар шегіп:
— Сен неге келдің?! – дейді, менсінбегендей.
— Мен сеенімен күрескелі келдім, — дейді Жылқышы да тайсалмай еңкейе бергенде Жылқышы оң қолымен дәудің оң қолн құлын жарғақтың жеңімен қосып ұстай алып, асытна сып етіп кіреді де, сол қалпында ес жиғызбай дәуді көтеріп әкетіп ұрып жауырынын жерге тигізежі. Сөйтіп палуанның бас бәйгесін Керейлер алады.
Осынау ұлы дүбір үлкен аста 1895 сәйгүлік жиналған екен дейді. Аттарды бір күн бұрын шығарып айдайды. Айт қайтқанда «Жайлаукер» шыға алдына ат салмайды. Бірақ басынжібермей, тарта ұстап алдыңғы екі-үш атпен қаарласа шауып отырады. Тәтекеңнің айтқаны айна қатесіз келіп, шынында да тұстан тосқауыл қойған екен. Ұрымтал жерден кенет шыға келіп ұстамақ болған бірінші тосқауыл басын қояберіп қалғанда құстай ұшқан «Жайлаукердің» үстіндегі Атшабардың құлын жарғағының алақандайын ғана жұлып ап қалған екен.
Екіншісі тосқауылда лақтырған найза ердің артқы қасын жұлып түседі.
Үшінші тосқауыл садақпен атқан екен, жебе «Жайлаукердің» оң жақ көзінің қабағын жаралап кетпті. Сонда да «Жайлаукер» алдына ат салмай озып келеді. Сол арада. «Кератты өзіміз аламыз» деп Наймандар жағы дау шығарған соң, бәйгесін алуға да қарамай, жүйрік пен Жылқышыны Бозтайлар алып елге қайтып кетеді. Көзіне жебе тиіп, жараланған «Жайлаукер» содан былай «Керкөз» деп аталыпты. Палуан мен атты бірдей алып, мерейі тасып оралған сол жылдан кейін бірнеше жаз өткенде Керейдің атақты байы, руы Меркіт Жәкенің әкесі он екі мың жылқы біткен Қойтан деген адам қайтыс болып, ас беретін болды. Асқа Найманды да шақырыпты. «Озып келген атқа 9 құндыз, 9 бұлғын, 9 тайлақ, 9 жамбы береміз» деп жар шашады. Мұны естіген бұрыннан кикілжіңі бар Наймандар келіспей: «Бәрәншә атқа қыз тіксін. Әйтпесе ат қоспаймыз» деп сәлем айтады. Намысқа қызған Керей билері Найманның айтқанын орындап, алдыңғы аттың бәйгесіне қыз тігуге келіседі. Керей ішінде, Меркіт руында әрі әнші, әрі домбырашы Қоңыр деген жетім қыз бар екен. Көркеуде, жалған намыс қой билердің көзі сол қызға түседі де, қыздың ағасымен келісіп, қалың малын төлейді. Сөйтіп жазықсыз әрі панасыз қыз малға сатылып ат бәйгесіне тігіледі. Бұл асқа Найманнан он мыңдай адам келіпті. Он екі Керей, тоғыз таңбалы Найман бас қосқан осы аста Найманның «Сарыкөз» деген жүйрігі озады. Келісім бойынша бас бәйгеге Қоңыр қыз беріледі.
Соңынан Наймандар Қоңыр қызға таласып көп лаң шығады. Сонда, Найманның бір домбырашы – күйшісі толғанып, домбырасын қолға алып: «Қайран Қоңыр, Қайран Қоңыр, ат басты-ау!» деп, ауыр күрсіне отырып «Атбасар» немесе «Ат басқан Қоңыр» күйін шығарған екен.
Наймандар ақыры мәмлеге келіп, Қоңырды өз жағының бір адамына атастырыпты. Сонда жиналып отырғандар: «Кәне, бұл қанша өнерлі қыз екен. Көорейік!» десіпті. Мұны естіген Қоңыр жиналған көптен тайсалып іркілмей аңыраған зарлы күй шертеді.
«Күйіңнің аты не?» деп сұрағандарға:
— Күйімнің аты «Сары өзек» -дейді Қоңыр. Себебі мен «Сарыкөз аттың бәйгесіне тігіліп келдім. Өзегім өртке толы. Егер мен жетім болмасам бүйтпес едім, мүмкін сүйгеніме қосылар ма едім. Менің өмір бойғы асыл арманым сол сүйгеніммен өткен өміріме, аяулы сүйгеніме арнап шерттім –депті.
Міне, «Ат басқан Қоңыр» және «Сары өзек» күйлерінің өмірге келу тарихы осылай.
Күйді тыңдап жан-жүрегімен түсіне білген адамға күй астарында қаншама тарих, мұң-қайғы, күйініш-сүйініш жатыр десеңізші!
Бұл екі күйдің тарихын мен ең алғаш 1948 жылы 9-айда Е.Дөйтен қариядан естіген едім. Бірақ жазып алмағанмын. Содан 1962 жылы 9-айда М.Құманхан марқұмның ақылымен күйлер тарихын жинай бастаған кезде 1963 жылы 2-айда Ойғырға барып, сонда Е.Дөйтен ақсақалмен қайта әңгімелестім. Сол жолы екі күйді де Жөкеңе шерткізіп тыңдап, тарихын жазып алдым. Соңында ногооннуурлық домбырашы Жілікбай, әңгімеші Есенкелді баласы Нұғымандар күй тарихын растаған соң 1964 жылы «Жаңа талап» журналының екінші санына жариялаған едім. Бірақ, мұнымен ғана шектеліп қалғам жоқ. Көнекөздерден жалпы күйлер тарихын сұрастырып жүрген кездерімде «Ат басқан Қоңыр» тарихын да естен шығармадым.
1971 жылы Улаанхус сұмынына жұмысқа барғанымда, Көкмойнақ деген жерде (9-ай) мекендеп отырған Туратау ұлы Көккөз деген ақсақалдың үйіне қонып, әңгімелескенімде ол кісі де Е. Дөйтен ақсақалдың айтқан тарихын дәлме-дәл айтып берген еді. Бұл күйдің тарихи аңызын Байтазаұлы Талғатбек, Тапалұлы Алданыш қариялар да растаған.
Мен білгенде бұл екі күйді тарихын айта отырып Е.Дөкен ғана өте шебер орындаушы еді. Осы күндері Дөйтеннің жиені Қимәділ Сахарияұлы екі күйді де нәкішіне келтіріп орындап жү. «Бұл күйлерді ногооннуурлық қарт домбырашы Бәтенұлы Қанақай марқұмнан толығырақ ұқтым» дейді. Ол, «Сары өзектің» тағы бір вариантын да шертеді.
«Ат басқан Қоңыр» күйін музыкант Амалхан ұлы Тілеген өңдеп оркестрге түсірді. Тарихи оқиғасына сай өңдеп қосқан бөлімі бұл күйді тіпті түрлендіріп жіберген.
Осыған қоса ақын І.Кенес «Ат басқан Қоңыр» және басқа күйлер тарихы мен аңызын арқау текен әңгімелері, поэзиялық туындылар жазғанын айта кеткен жан.

Сақай Қарсыұлының «Күй керуені» кітабынан

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.