Қошанкөлде өткен қар үстіндегі көкпар (ФОТО)

Арғымақ аман болсын арындаған,
Жастарым аман болсын жалындаған.
Қасқайып қазағым тұрсын тұғырында,
Қамалдай қаншама ғасыр алынбаған!-демекші Қошанкөл ауылының жылқы десе ішкен асын жерге қоятын азаматтары – Ғ.Жұмағалиев пен Р.Негметовтің ұйымдастыруымен, ауыл әкімшілігінің қолдауымен ұлттық ат спортынан ойындар өткізілді.

Атап айтқанда «Жаппай көкпар», «Аударыспақ», «Арқан тартыс» ойындарын, сәнді «Ат әбзелін» жұртшылық тамсана тамашалады.

qoshankol16

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан «Жаппай көкпар» ойынына 17 көкпаршы қатысты. «Жаппай көкпар» ойынында өз өнерлерімен көзге түскен салымшылар Р.Нигметов, К.Хамитов сыйлықтармен марапатталды.

qoshankol9

«Аударыспақ» ойынында 1-орынды Есенбек Закариянов иеленсе, 2-орынды Бақтияр Айболатов, 3-орынды Ғалым Жангелді өз ара бөлісті.

Бұл спортшылардың барлығы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

qoshankol14

«Ат әбзелдері» бойынша сәні келіскен 5 аттың иесіне жүлде берілді.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>