2018 жылғы жылқы саны және жылқы етін экспорттау мен импорттау

7825

Ауыл шаруашылығы министрлігі Argymaq.kz порталының арнайы сауалына жауап беріп, биылғы жылғы жылқы санының қанша екенін айтты.

Министрлік ақпаратына сәйкес биылғы жылы еліміз бойынша 2 502 391 бас жылқы бар. Мұның 1 277 178 басы еркек жылқы болса, 1 138 476 басы ұрғашы жылқы.

Әзірге еліміз бойынша жылқы санынан Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы орында. Бұл облыс өткен жылы да ел бойынша жылқылы облыс саналған болатын. 2017 жылғы есеп бойынша 600 мың жылқы бар болса, биыл екі есеге таяу азайып, биыл 344 527 ғана қалған.

Алматы облысы биыл да екінші орынға тұрақтаған екен. Былтыр 500 мыңға тарта жылқысы бар Жетісу, биыл — 313 387 жылқымыз бар деп көрсетіпті.

Ал алғашқы үштікті Түркістан облысы түйіндепті. Рас, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысы да алғашқы үштіктен көрінген болатын. Сонымен атауы ауысса да, табиғаты сол қалпы қалған Түркістан облысы былтыр 272 мыңнан астам жылқы санатқан екен. Биылғы жылы оңтүстікте 291 493 жылқы бар екен. Бір жылда 21 мыңнан астам жылқы өсімі байқалады.

Zhylqy sany

Жылқы санына бөлек, АШМ-ға жылқы етін экспорттау бойынша да сауал жолдаған едік. Жауап төмендегідей.

Еліміз бойынша 2018 жылы 5,5 тонна жылқы еті экспортталған. Әр тонна шамамен 3,6 мың доллар көлемінде бағаланды. Айта кетерлігі елімізден жылқы етін көбірек сатып алған Ресей Федерациясы. Сонымен қатар биыл Өзбекстанға жылқыларды тірідей экспорттау да қолға алынған. Министрлік мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері  200-ден астам жылқы тірідей шекара асқан.

Ал жылқы етін импорттау, яғни шет елдерден тасымалдау бойынша да елімізде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. ҚР Қаржы министлігіне қарасты Мемлекеттік кіріс комитетінің мәлметтеріне сәйкес биылғы жылы еліміз 1698 тонна жылқы етін импорттаған. Шетелден әкелген 1 тонна жылқы етінің орташа бағасы 2,6 мың доллар көлемінде болды.

Еліміз көбінде Аргентинадан, Болғариядан, Мексикадан және Моңғолия мен Уругвайдан жылқы етін тасымалдаған.

2017 жылғы жылқы санын мына жерден оқуға болады.

argymaq.kz

3 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!