Дауылбаев турнирі аяқталды

717

Атақты көкпаршы Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир биылғы жылы жастар арасында өтетіні туралы бұдан бұрын да хабарлаған болатынбыз. 26 қазан мен 2 қараша аралығында өткен дүбірлі доданың  үздіктері анықталды.

Жастарды ұлттық спортқа қызықтыру, даңқты көкпаршының мерейін көтеру  мақсатында Шымкент қаласында  көкпардан төртінші рет өткізілген турнирдің жеңімпазы – Түркістан командасы болды.

“Бұл турнирге барлығы 8 команда, атап айтқанда, Алматы облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Шымкент ат спорты орталығының «Бүркіт» командасы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысының Сайрам ауданы мен Түлкібас ауданының командалары қатысты” – деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.

Жартылай финалда  Жамбыл облысы мен Алматы облысы командаларының арасындағы ойын  8:3 есебімен аяқталды. Ал, ақтық бәсекеге шыққан  Түркістан облысы  мен  Маңғыстау облысы  командаларының арасындағы кездесуде есеп  11:1 болып, түркістандық жастар даңқты көкпаршы, командалық көкпардан Кеңес одағының 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев атындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Сонымен биылғы турнирдің жеңімпаздары төмендегідей.

1 орын – Түркістан облысының жастар командасы
2 орын – Маңғыстау облысының жастар командасы
3 орын – Жамбыл облысының жастар командасы

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!