Жағда БАБАЛЫҚҰЛЫ: Қазіргі «Қара жорға» биі «Салкүреңнің» әуеніне биленіп жүр

14699

— Өнер зерттеушілері «Қара жорға биінің тарихы ХХІ ғасырдан ары кетеді деп жүр. Бұл биді ортамызға оралман қандастарымыз алып келді. Осы биімізді жоғалып, қайта жаңғырған дәстүріміздің біріне жатқызуға болатын шығар. Бұған не дейсіз?
— «Қара жорғаның» делебені қоздырып, бірден үйіріп әкететін өзіндік дара қасиеті – оны билеген кезде адамның барлық буындарының қозғалысқа түсетіндігінде. Алтай асып, Қытайға кеткен қандастарымыз басқа ұлттар арасында осы «Қаражорға» биін билеп көрсетеді ғой. Сонда қазақтармен бірге сахнаға моңғол, қытай халқының өкілдері де шығып билеп жататын. Биді билеген кезде адамның барлық буынығ қозғалатынын ескергеннен болса керек. Онда «Қара жорға» бидің негізгі әрекетін сақтай отырып, мектеп оқушыларының дене шынықтыру өлшеміне сай қайта жасалған. Бұрынғы музыкасына домбыра, қобыз сияқты ұлттық аспаптардың сүйемелдеуін қосып, әрі ән сөзін оқушыларға лайықтап өзгертіпті. Міне, ұлттық құндылыққа деген құрметтің бірі.
Кезінде Алтай асып Қытайға барған, одан Түркияға барған Арыстан Шәдетұлы осы «Қара жорға» биін билеп, туысқан халықтарды таңғалдырған көрінеді. Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай аймағының Шіңгіл ауданында «Қара жорға» биін он мыңнан астам адам билеп шығып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
— Қазір «Қара жорға» күй емес, әнге айналып кетті ғой. Арнайы дайындалған әнге билейтін болдық.
— Мен бұрын осы биге қатысты ойланып жүрген едім. Бірақ, бәрін бірдей зерттей беруге уақыт керек қой. Денсаулық та керек. Далаға шығып, сұрастырып жүретін әлім жоқ қазір. Естігенімді ғана айтып отырмын. Бұл бидің үш түрлі аты бар екен: «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі». «Қара жорға» ән ретінде соңғы жылдары пайда болды. Кім шығарғанынан хабарым жоқ. Бірақ, ол «Қара жорға» күйі емес, «Салкүрең» күйіне шығарылды. Бүгінгі «Қара жорға» «Салкүреңнің» әуенімен биленетін болды. «Қара жорға» тек домбырамен ғана орындалуы керек. «Қара жорға» баяу биленеді, ал «Салкүрең» әуенімен билеп жүргендер қарқынды, жылдам билейді.
— Осы он екі мүшеңді қимылға келтіретін «Қара жорға» биінің шығу тарихы қандай екен? Кейбіреулер мұны «монғолдың биі» деп жатады…
— Мынау – біздікі, анау өзгенікі деп айта алмаймыз. Қазір бізде оны ата-бабалары да билеген, қазіргі балалары да, немерелері де билеп жүрген бишілеріміз бар. Моңғолдарда да бұл бидің бар екені рас. Бірақ, олардікі біздікіне мүлдем ұқсамайды. Басқа.
Жаңа үш аты бар дедім ғой, бұл негізі бұрынғы шамандардан қалған «Бақсы биі» дегенге саяды. Баяғыда бала кезімде көрген біздің бақсылардың қозғалысы да тура осы бидегі қимылдарға келетін.

Қасымхан Бекгмановтың «Халқы мықтының — салты мықты» кітабынан.
0a421182cd374d3e6c392f6bf66479d4Сұхбаттасқан Қасымхан Бегманов

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!