Алматы ипподромы тарихи-мәдени мұралар тізіміне енді

2133

Алматы ипподромы Алматы қаласының тарихи-мәдени мұралар нысандарының алдын ала жасалған есебі тізіміне енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.

Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын, ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.

Алматы ипподромында жаңарған рекордтар туралы мына жерден біле аласыздар. 90 жылдық тарихы бар ипподром бір кезде жабылып қала жаздаған.

 argymaq.kz

2 comments

  1. Ипподром аумағында құрылысқа жол жоқ! — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 15 Қыркүйек, 2020 at 18:51 Жауап беру

    […] Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы қаласындағы орталық ипподромды да жабатыны туралы шу шыққан болатын. Артынша ол нысан мәдени мұралар тізіміне  енгізілді. […]

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!