Бәйгенің болашағы неде?

633

Құрметті ат сүйер қауым!

Бұл сөзімді Зауыттық жылқы тұқымдары палатасының атынан айтып отыр деп түсініңіздер!

Қазақстандағы жылқыларға арналған ат жарысын өткізе бастасақ, біз қуанар едік. Алайда, бүгінде абсурдтық жағдай туындайды: Біз «ат бәйгесі біздікі, біздің ұлттық ойынымыз» дейміз. Ал шын мәнінде біз не көреміз?

Россияда (Польша, Францияда) туған ағылшын жылқысын сатып аламыз, оны 2-3 жыл бойы орыстар немесе француздар өсіреді.

Оған, біз – қазақтар не бердік?

– Қан?

– Жоқ!

– Селекция?

– Жоқ!

– Тренинг?

– Жоқ.

Егер біз бәйгені сынақ деп айтатын болсақ, онда біз нені сынақтан өткіземіз?

Он сегізінші ғасырда Англияда ат бәйгесі басталған кезде, бұл шынымен де сынақ болды. Екі сэр кездесіп, бір-бірімен пікір таласып, кімнің жылқысы жақсы екеніне дәлел іздейді. Біреуі: «Менде ең жақсы селекция бар. Мен ең жақсы ат өсірдім», — дейді. Екіншісі: «Жоқ менікі жақсырақ!» — деп таласады. Даудың соңында олар өз аттарын бәйгеге қосып, кімнің жылқысы үздік екенін тексерді.

Қазір бәйгеде не тексереміз? Теофило, Кахиази, Равен Пасс тұқымдарын ба? Олар бізге дейін 1000 метрден 7200 метр аралығында онсызда Европада толықтай тексерілді емес пе?!

Біздің бәйге әлемде ешкімге керек емес. Бұл факт. Бәйгенің дамуының жалғыз жолы — Қазақстанда туған жылқыларға арналған бәйгеге көшу. Яғни төлтума жылқымыздың мүмкіндігін ашу. Тек осы жағдайда ғана бәйгеден пайда табуға болады. Сонда ғана Қазақстанда туған құлындарға сұраныс өседі. Сонда ғана біздің зауыттар гүлдене бастайды, олар азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын ашады, мемлекетке салық төлейді. Тек осы жағдайда ғана мемлекет ауыл шаруашылығының жылқы саласына көмектесу өзекті екенін түсінеді!

Англияда 2017 жылы Мемлекет жылқы шаруашылығынан  340 миллион фунт салық алды. Мемлекет осы салаға 62 миллион фунт субсидия мен түрлі көмек бөлген болатын. Саланың жалпы айналымы 3 миллиард фунт болды.

Бұл дұрыс жол. Менің ойымша, біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек.

Бәйгемен айналысатын көптеген атбегі құлындарды паспорттау құны өте жоғары деп шағымданады.

Паспорттың құны – басқа мәселе. Біздің Палата бұл салада көп ақша табады деп ойламаңыз. Біз – шығынға жұмыс істейтін кәсіпорынбыз. Мен әрқашан бәріңізге «біздің кірісімізді тексере аласыз» деп айтамын. Сіз тіпті біздің паспорттардан бас тарта аласыз. Егер біздің паспорт сізге қымбат болса, Федерацияға жеке куәлігіңізді енгізіңіз. Куәлік сияқты нәрсе, «База данных», «Чип нөмірін» және т.б. бәрін енгізіңіз! Бұл оңай. Бірақ… Тағы да айтамын, мәселе паспортта емес. Басты мақсат – өз өндірушілерімізге, Қазақстанның, қазақтың жылқысына қолдау көрсету. Соны бастау. Бұл туралы ойлану керек.

Егер паспортизация туралы сұрақтар болса, маған званданыз, әрқашан қауна-қуана жауап беруге дайынмын!

Құрметпен, Жайсаңбаев Талғат +7 775 250 8702

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!