Назар НҰРЫШҰЛЫ. Қазақ даласының — көркі.

7514

Жылқы — халқымыздың ең қадірлі малы, басты байлығы. Ол қазақ тұрмысында тек байлықтың белгісі емес, сән-салтанаттың, сұлулық пен көркемдіктің идеалы. Көшпенділер өмірінде жылқының орны орасан зор болған. Жылқы күш-көлік ретінде, сусындық сүтімен, дәмді етімен құнды. Қазақ жылқысының өзіне тән қасиеттері шыдамдылығы мен төзімділігі, даланың қиын табиғатына бейімділігі, жем-шөп талғамайтындығы арқылы оны әлемде бірде бір халықтың жылқысына телуге болмайды.
Қазақ халқы жылқы тұқымына анықтама беруде өзіндік жүйе қолданған. Өткен ғасырда бұл классфикация жөнінде орыстың ипполог ғалымдары көптеген жақсы пікір айтқанмен қазір бұл мүлдем ұмытыла бастады. Классификацияның мәні жылқының шыққан тегіне байланысты емес (мысалы араб, түркімен, қарабайыр тұқымы) сапасына және әр мақсатта пайдалануға жарамдалығына қарап бөлінеді. Түркімен жылқыларын көбінесе сән үшін мінген немесе өз жылқыларымен будандастырып отырған. Қәзір сыртқы сұлулығына қарап аузымыздың суы құритын түркіменнің ахалтеке, текежәуміт, иомуд жылқыларының шығуына тікелей араб жылқысының әсері тиген. Орта Азияны VI-VII ғасырларда арабтар жаулап алған кезде жергілікті түркімен жылқыларын өз жылқыларымен будандастырған. Сондықтанда Түркіменстан ежелден мәдени жылқы шаруашылығының отаны болған.
Ал қазақ жылқысының ерекшелігі әрі артықшылығы сонау ықылым заманнан табиғи сұрыптау арқылы дамыған. Яғни жергілікті жердің өзінде пайда болып, өсіп жетілген. (Ғылым тілінде «автохранды» деп айтады) Қәзіргі таңда көп жағдайда түркімен жылқысы жиі айтылып, жиі жазылып жүр. Оны біздің жылқымен салыстыратын болсақ екеуінің арасы жер мен көктей.
Қазақ жерінде жылқы өсіру моңғол шапқыншылығына және басқа да осы сияқты фактілерге қатысты емес. Ол кейбір зерттеушілердің айтқаны секілді бірнеше мың жыл бұрын өз алдына дамыған көрініс. Қазақ жылқысы халқымыздың ата-бабалары өмір сүрген табиғи ортаға, көшпелі өмірге бейімделіп қалыптасқан жеке тұқым. Қазақ халқы замана өтінде қандай тар жол тайғақ кешсе де бірнеше жүздеген жылдар бойы өзінің жылқысын да аялап өсіріп келеді. Бұның дәлелі 2009 жылғы Жас Алаш газетінің №20 санында «Жылқына бірінші болып бабаларымыз мінген» деген шағын мақала жарияланған. Онда Ұлыбританияның Эксетер қаласындағы университтетің ғалымы Алан Аитрэм мен оның серіктері жылқының алғаш рет қазақ жерінде үйретілгенің нақты дәлелдейтін үш ғылыми айғақ тапқан.
Біріншісі Ботай мәдениеті жылқыларының сүйегіне ұқсамайды. Қола дәуіріндегі мініс аттарынан аумайды.
Екіншісі олардың сүйек тістерінде ауыздықтың ізі қалған.
Үшіншісі – Ботай мәдениетінің адамдарының тостағандарында қымыз құйылған екен. Міне бұдан артық қандай дәлел керек?
Мінсең көлік, ішсең сусың, жесең тамақ болатын асыл түліктің қадір-қасиетін біраз түсіріп алғанымыз шындық. Қәзір бәрі басқаша. Мысалы Құрлыс ауылында сегіз-тоғыз айғырдың үйірі бар. Биыл тағыда екі-үш қысырақтың үйірі қосылатын түрі бар. Жылқы малын танитын, оны түсіне білетін ауыл жігіттерінің көбейіп келе жатқандығы көңіл қуантады.
Бұрынан жылқы ұстайтын Шәку Бөлекұлы деген ағамыз бар. Бұл кісіні төрт түлік малдың барлық қыр-сырын біледі десем артық айтпаған болармын. Шәкеңнің бұрын өзі мал бағып жүрген уақытында үйірінде күрең қасқа айғыры болды. Оны шанаға жеккенде желісіне ат ере алмайтын. Жүріс қандай, шабыс қандай талмай шабатын?! Өкініштісі бәйгеге бір қосылмай кетті. Шәку ағамыздың бұдан өзге талай бәйгеден жүлде алған «Көк жорға» деген аты болды. Ырғыздың талай бәйгесінде алдына қара салмай келіп жүрді. Қарабұтақта Әйтеке би бабамыздың асында екінші, Қобда ауданында Ә Молдағұлованың тойында үшінші орын алған болатын. «Көк жорға» жақын қашықтыққа жорғаламайтын. Он-он бес шақырым болса «Көк жорғанын» жаны кіре беретін.
Шәкең аттың сулығына дәке орап қоятын. Неге десеңіз «сулықтың өзі аттың езуін қиып кетеді» дейтің. «Көк жорға» аттың басы қатты болатын. Жорғалап келе жатып ауыздықты қарш-қарш шайнап, басын алдыға созып-созып жібереді. Сырын білмеген адам басынан асып ұшып кетуі мүмкін. Жарысқа дейін бусандырып алушы еді. Ырғыздағы шопандар тойында ырғыздық Қодар деген ағамыздың «Торы алааяқ жорғасын» жарты айналым артқа тастаған кездері болды. Жалпы айта берсек біздің ауылда жақсы аттар көп болатын.
Біздің бала кезімізде Тұяқтың «Торы байталы» деген жүйрік болған деседі. Сол дүлділмен шапқан Олжабай Шынтеміров деген ақсақал қәзір ауылда тұрады. Мен білетін Серғазының «Торы аты» деген болды. Тіпті сонау оңтүстік жақтан көкпарға сұрап келген деген әңгіме бар. Жоғарыда айтқан Олжекең соны жаратып талай бәйгеден жүлде алған. Сол кезде біздің Калинин кеңшарында жылқы табынында үлкен күрең, кіші күрең, жалпақ күрең деген жүйрік аттар болған. Сосын бізден 24 ші партсьезд кеңшары бөлініп шыққанда осы күреңдердің тұқымын беріп жіберген көрінеді. Қандай өкінішті?!
Тарихқа үңілсек қазақ халқы өзінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай Қамбар ата түлігін байлыққа өлшем етіп алған. Жылқының орны көшпелі тұрмыста өте қолайлы болған. Жаугершілік заманда ата-бабаларымыз астарындағы жүйріктерімен тез орын ауыстырып, межелі жеріне лезде барып отырған. «Жылқы- малдың патшасы» ,«Жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді» дейді халық даналығы. Ендеше жылқы малын қастерлей білейік!

Назар Нұрышұлы
Ақтөбе обылысы, Ырғыз ауданы, Құрлыс ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.